«Мейірімнің» мерейлі істері
Елімізде денсаулық сақтау, оның ішінде балалардың күтіміне көңіл бөлуге барынша назар аударылып келеді. Өмірге дені сау ұрпақ әкелу кез келген ата-ана үшін үлкен бақыт. Өкінішке орай, арамызда ерекше күтімді қажет ететін, көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Мұндай ерекше балалармен жұмыс жасау да ыждағаттылық пен қайраттылықты қажет етеді.
Міне, аудан орталығында осы бағытта жұмыс жасайтын Қызылорда облысы білім басқармасының «№3 облыстық балалар оңалту орталығы» өз жұмысын 2011 жылдың 10 қаңтарында бастаған болатын. Мекеме «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС мен облыс әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық келісімге сәйкес салынған болатын. Енді осынау орталық жұмысына назар салар болсақ, аталған орталық жыл бойы жұмыс жасап, жеті жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, медициналық оңалту қызметін көрсетеді. Орталық директорының айтуынша, бір ауысымда 5 топта 50 баланы қамтитын мүмкіндігі бар көрінеді.
– Біздің орталықтың көмегіне әр түрлі диагнозбен ауыратын балалар жүгінеді. Бүгінде мұнда 50-ге жуық бала тәрбиеленіп, ем алып жатыр.
Басты мақсатымыз – балаларды емдеп, оңалтып, сауықтыру. Әрине, оңалту шаралары 3 айдан 6 айға дейін созылады. Бұл балаларға қорытындыны облыс бойынша тұрғылықты жеріндегі психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация мекемелері бере алады. Осы уақыт ішінде жасалған ем-шаралар еш нәтиже бермесе, тереңдетілген медициналық көмекке жүгінуге кеңес береміз, – дейді орталық басшысы.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға әр топта әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмек түрлері көрсетіледі. Үш айдан алты айға дейін көмек алатын балаларымен ата-аналары демалыс күндері келіп, кездесу мүмкіндігіне ие екендігін де білдік. Біз барғанда бөлмелерде балалар алаңсыз ойнап жүрді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау да оңайға соқпайтынын көзбен көрдік. Мұндағы мамандардың барлығы өз ісінің шеберлері. Баланың физикалық дамуымен қатар, ой-өрісінің шыңдалуына қажетті жаттығулар мен түрлі әдістер қолданылады. Сол балалармен орталықта 57 қызметкер, оның ішінде 10 тәрбиеші, 6 арнаулы педагог маман, бала дәрігері, 4 медбике, 1 емдік уқалау маманы, 1 емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, тәлімгер, кітапханашы жұмыс жасайды екен. Олар білгеніміздей, балалардың денсаулығын оңалту, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу, танымдық қабілеттерін, психо-эмоционалдық жағдайын, сөйлеу тілін дамыту үшін қажет жағдайларды жасайды. Сол арқылы педагогикалық ұжым баланың өзін-өзі дамытуына, оның белсенді азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал ететін жеке қасиеттерінің дамуына көмектеседі. Сол көмек арқылы әр бала өзін-өзі дамытып, белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасып, жеке қсиеттерін дамытуға бағыт-бағдар алмақ.
Оңалту, түзету, дамыту жұмыстарын жүргізу үшін орталықта толық жағдай жасалған. Барлық бөлмелер қазіргі заман талабына сай жабдықталыпты. Балалар 5 рет кешенді тамақтандырылып, профилактикалық және оңалту шаралары қолданылады. Атап айтқанда, массаж, су процедуралары, емдік ванналар, физиоем, дәрумендер, емдік дене шынықтыру ұсынылады. Сонымен қатар, арнайы педагог-мамандардың түзету, дамыту жұмыстары жүргізіледі. Мұнымен қоса, мерекелерде балалардың мәдени шараларын жиі өткізу де дәстүрге айналған.
Иә, оңалту орталығындағы жақсы ахуал – балғындарға жасалып жатқан нақты қамқорлықтың айқын айғағы. Ең бастысы, ата-аналар балапандарының келешегіне сенеді. Міне, «Мейірімдегі» біз куә болған мерейлі істердің легі осылайша өрілуде.
Д.ЖҮСІПОВА.