Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбиеші – бала жанының бағбаны

Тәрбиеші – бала жанының бағбаны


Бүлдіршіндерінің бүгінгі күннің талабына және жасы мен даму ерекшеліктеріне сай білім алу кезек күттірмейді. Ал, баланы мектепке дейін даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Осы орайда, балабақшаның алар орны зор. Балалардың ойынмен уақыт өткізетін мекені, күндізгі ұйықтайтын жері, түскі, тіпті кешкі тамақтанатын орны да балабақша.
Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің біліктілігін айқындайды. Жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету және балаларды тұлғалық қалыптастыру бағытында жұмыс атқарып келеді. Сондай-ақ, балаларға салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіріп түрлі шаралар балабақшада өткізілуде.
Телікөл ауылындағы «Бейбарыс» балабақшасы бір күнін спортқа арнады. «Балдырған» мен «Балдаурен» топтары бір-бірімен жарысып, ойынға деген қызығушылықтарын арттырды. Тәрбиеші Құралай Ізтілеуова мен Асел Бекпарованың ұйымдастырған шарасы ата-аналарға, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, балалардың бақыт мекеніне айналған балабақшада ата-аналарға ашық есік күндері өткізіліп, балабақшаның бір күндік тынысымен танысуға да мүмкіндік берілді. Мұнда түрлі бағытта ата-аналар клубтары жұмыс жасайды. Балалардың денсаулығын бас­ты назарда ұстайтын балабақшаның барлық қызметкерлері қатысатын ашық тәрбие сағаттарының үлкен маңызы бар. Одан кейін өткізілетін бірқатар әдістемелік талдау, тәрбиешілердің білімін жетілдіру меңгеруші Б.Байділдаев пен әдіскер Г.Базарбайдың басшылығымен іске асады. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беру, оны өмірге, еңбекке даярлауда педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты қоғамдық міндеттер атқарып келеді.
Міне, іргелі балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысқан біздер, осындай балалар тәрбиесі бағытындағы нәтижелі жұмысқа куә болдық.

Жұлдызай Ноғайбайқызы
30 қаңтар 2019 ж. 2 938 0