Туған жерін түлеткен
«Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі». Бабадан қалған бұл нақыл бүгінде өз өміршеңдігін жойған жоқ. Еңбектену қашанда береке мен ризықтың бастауы. Ал адал кәсіп жасау – адам болмысының туған жер, өсіп-өнген өлкесіне деген азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Қашанда елім деген азаматтың ертеңі жарқын, болашағы айқын. Мұны өмірдің өзі дәлелдеуде. Яғни, елінің үмітін, халқының сенімін арқалаған арда азамат қана тығырықтан тарықпай шығып, тындырымды тірлігімен биік белесті бағындырады. Бүгінгі біз сөз еткелі отырған азамат аудандағы белгілі агрономның бірі – Бағлан Әшірбеков.
Кейіпкеріміз қандай іске болсын қабілетті, өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қояды, өзгені құрметтеп, сол арқылы өзін де сыйлата біледі. Ол халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, адамгершілігі мол, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, мансапқа мастанбай, халық үшін қиындықтан да жасқанбаған жан. Ол 1956 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1984 жылы «Алматы ауыл шаруашылығы институтын «Агроном» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Алғашқы еңбек жолын 1976-1985 жылдар аралығында Коммунизм колхозында күріш звеноводы болып бастаған. Мұнан соң 1985-1987 жылдар аралығында партия нұсқаушысы, 1987-1996 жылдары осы Коммунизм колхозында бас агроном қызметін атқарады. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, еңбекқорлығы мен талант-талабы қашаннан жоғары бағаланды. Қай істі болсын «ұршықша үйіріп» әкететін тындырымдылығы, тиянақтылығы мен ұқыптылығы өз алдына, жаңа заманға бейімделгіштігі мен ізденгіштігі де оның ел ортасындағы қадірін еселей түсердей. Сөйтіп 1978 жылғы жастар мен студенттердің Гаванада өткен 11-ші фестивалының делегаты болды. Осы фестивальдың ашылуында Қазақстанның туын көтеріп қайтты. Бұл да бір үлкен мәртебе. Бүгінде осы мәліметті дәлелдейтін құжаттар Қызылорда облысы орталық мұражайында және Н.Бекежанов атындағы мұражайда осы күнге дейін сақталуда.

Айта кетейік, Бағлан Әмреұлы өз кәсібін 1997 жылы «Әшірбеков» шаруа қожалығын құрып, азын-аулақ жерге жоңышқа егіп, қарауындағы малдың азығын дайындаудан бастайды. Бірнеше жылдан соң қожалықты кеңейтіп, биыл 300 гектар жерге күріш егеді. Жыл сайын сыр салысын өсіруде тәжірибе жинап, егіс көлемін де арттырады. Маңдай тердің арқасында биыл күріштен 50-60 центнерден өнім алуды көздеп отыр. Сонымен қатар 300 га жерге жоңышқа мен 50 га бидай еккен. Расында «Жер Ана мәпелесең – жомарт» дегендей, ерте көктемнен басталатын тірлік қара күзге дейін жалғасады. Шаруа қожалығының жұмысына Бағлан аға өзі бас-көз болып, қарамағындағы 30 адамға тұрақты жұмыс беріп отыр. Диқандыққа бет бұрған қожалықтың жұмысшылары түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын тізгіндеп, тұрақты түрде жұмыспен қамтылған.Қожалықта 30-ға жуық техника жұмыс жасап тұр. Биыл егіс алқабына күріштің «Янтарь» сорты егіліп, одан алынған мол өнім толық жиналып бітуге жақын.
Шаруашылық иелігінде 2018 жылы салынған құны 250 млн теңге болатын күріш ақтау цехын іске қосқан. Цех тәулігіне 60 тонна күріш өңдейді. Зауытта 12 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Б.Әшірбековтың күріш егудегі тәжірибесі жыл сайын мол өнім алуға мүмкіндік беруде.
– Біздің жұмыста таңмен таласа тұрып еңбек етуің шарт. Қазір жұмыстың қызған шағы. Әрбір істің берекелі болуы – еткен еңбекке, төккен терге байланысты. Менің өмірлік ұстанымым – қай салада еңбең етсең де, өз ісіңнің маманы болу маңызды. Өз қызметкерлерімнен де осыны талап етемін. Одан бөлек біздің шаруа қожалықтың басым бөлігі – жастар жұмыс істейді. Жыл сайын жастарды жұмысқа тартып отырмын, – дейді төраға.
Бүгінде қожалықта 3500 қой, 124 сиыр бар. Мұнда малды асылдандыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. 125 бас ақбас сиыры бар. Сонымен қатар қожалықта 100 басқа арналған мал бордақылау алаңы жұмыс жасап жатыр. Онда 50 шақты малды, ет бағытындағы қазақтың ақбас бұқаларын бағып, асылдандырумен айналысады.
– Ауыл шаруашылығымен айналысу ата кәсіп десем де болады. Оның үстіне ауылда тұрғандықтан жерге егін салып, мал бағу негізгі кәсібіме айналды. Қазір қожалықтың арқасында бірнеше отбасын жұмыспен қамтып отырмын. Одан бөлек, қолымнан келгенше мұқтаж жандарға көмектесуге әзірмін, – дейді қожалық төрағасы Бағлан Әшірбеков.
2012 жылдан бері аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған.«Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» дегендей, ауыл азаматын тұрғындар қайырымды жан деп біледі. Бағлан 2012 жылы Еңбекші ауылындағы «Баба ата» мешітінің салынуына атсалысқан. Одан бөлек аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға және еңбек ардагерлеріне Наурыз мерекесі мен Қарттар күнінде азық-түлік пен күріш тарту етеді. Азаматтың мәрттігі оның үнемі қайырымдылық шаралардың басы-қасынан табылуымен қуантады. Сондай-ақ, еңбек жолында жеткен жетістіктері ел ішінде еленуде. 2016 жылы Президенттің жарлығымен күріш өсірудегі жетісіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол «Бүкіл Одақтық Ленин Комсомол» сыйлығының лауреаты, бірнеше конференцияларға сьезд делегаты болған. Жүрегі елім деп соққан азамат «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» төсбелгісінен, Ауыл шаруашылығы министрінің «Құрмет» грамотасын алғанымен халықтың ризашылығын бәрінен қымбат көреді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, екі мәрте Социалистік еңбек ері Ыбырай Жақаевтың 120 жылдық мерейтойына орай мұражайына үлкен демеушілік жасағаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Әр жыл сайын айналасындағы жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық шараларына белсенді қатысады.
Шапағат ТІЛЕУБАЙ