Түлектердің туған жерге тартуы
Талаптан ауылындағы №50 Абай атындағы мектептің осыдан 45 жыл бұрынғы түлектері алтын ұяларымен қайта қауышты.
Мектепке тарту ретінде кәсіпкер азамат С.Алшынбаевтың тікелей қолдауымен білім ошағына заманауи үлгідегі бағасы 1,5 млн болатын лэд-экран табыс етті. 1977 жылы мектептен түлеп ұшқан азаматтар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет жасап жүр. Солардың қатарында Бағдат Мұханбетов, Саябек Нұрманов, Бақыт Оразов, Шералы Баекеев, Үсен Палымбетовтер бар.

Алдымен мектептің акт залында салтанатты шара өтті. Жиынды ауылдық округтің әйелдер кеңесінің төрайымы Күлайхан Әшірбекова ұйымдастырып өзі жүргізді.
Шара шымылдығын ауыл әкімі Амангелді Шералыұлы мен мектеп директоры Халықбек Әлтаев пен ашып берді.
Мұнан соң Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, білім жанашыры Сейітқали Алшынбаев ағамыздың «Болмыс кеніндегі қазына» атты кітабының тұсау кесері өтті.
– Іргесі берік, еңсесі биік Бала би ауылы – менің мақтанышым. Ауылымыз жылдан жылға көркейіп, көптеген игілікті істер атқарылып жатқанын естіп қуанамыз. Сыртта жүрген біз үшін үлкен абырой. Әрбір азамат туған жеріне жанашыр болуы тиіс. Басында ауылға не сыйлау керектігін қатарластармен ұзақ ойландық. Өйткені, жылдағы түлектердің тартуымен ауылдың ажары артты. Содан ақылдаса келе, мектепке барлық шараларын ауқымды түрде өткізсін деп лэд-экран тарту еттім. Бар мақсатымыз – туған елімізге аз да болса өз пайдамызды тигізу. Ең бастысы – туған ауылымның іргесі сөгілмей, берекесі арта берсін, – деді С.Алшынбаев.
Шара соңында ардагер ұстаз Әшіркүл Жүсіпова түлектердің тартуына ризашылығын жеткізіп, жолдарының ақ болуына тілектестігін білдірді. Балалық бал дәуренді бірге өткізіп, оқушы жастан ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, жұмыла жұмыс істеуге қалыптасқан түлектер 60-ты еңсерсе де сол әдеттен айнымай, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» бірлесе отырып, ойға алған істерін жарқырата жүзеге асырып келеді.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ