Жұртына пана болған би
Бала би ауылында тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақтың би шешені Бименбет Есенәліұлының 210 жылдығына орай, «Бала би дана болған, ел жұртына пана болған» атты 8-10 сынып ұл балалар арасында шешендік өнер сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты – ұлттық рух арқылы қоғам мүддесін аман сақтап, егемен еліміздің болашақ от ауызды, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеу. Оқырмандардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттырып, өз ойларын еркін жеткізу болып саналды. Аталған сайыс үш кезеңнен тұрды. 1-кезең. «Пана болған жеріме Бала биім» деп аталды. Әр қатысушы Бала бидің даналық сөздерін жатқа айтса, 2-кезеңде «Сонда бабам сөйлепті» деген атаумен сұрақ-жауап жүргізді. 3-кезең «Бала би бабам асылым» деп аталып, Балабиге арналып жазылған дастаннан үзінді оқу.

Іс-шараны Талаптан ауылдық округі әкім аппаратының маманы Н.Оспанов ашып, Т.Күзембаев өз шығармашылығынан «Бала биге арнау» айтты. Бала би бабамыздың өмірбаянын оқырман А.Жұманазарова жалпақ жұртқа ұсынды. «Дәуірдің дара тұлғасы атты» кітап көрмесімен А.Дурманова таныстырды. Сайысқа Талаптан ауылдық округі әкім аппаратының маманы М.Кенбаева, №50 Абай атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Н.Молдабаева, Бала би ауылдық мәдениет үйінің директоры Т.Күзембаев, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Әшірбековалар қазылық жасады. Сайыс қорытындысында К.Нұрлыбеков 1-орын, А.Жарас 2-орын, Д.Сәруар мен Н.Елібай 3-орынды иеленіп, Д.Қыдырәлі мен А.Асылхан арнайы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараға Талаптан ауылдық округі әкімі А.Шералыұлы, ұстаз Н.Молдабаева, әйелдер кеңесінің төрайымы К.Әшірбекова, Бала би ауылдық мәдениет үйі және кітапхана ұжымы демеушілік жасады.
«Өскен өңір» ақпарат