Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ бұрышы ашылды

Қазақ бұрышы ашылды

Жуырда Бала би ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Білім орталығы мен қазақ бұрышы» ашылды. Әсіресе, тәуелсіздігіміздің 29 жылдығы құрметіне ауылдық кітапханадан жаңадан қазақ бұрышы ашылып жатса, құба-құп. Шараға Талаптан ауылының әкімі А.Өмірәліұлы, аудандық орталық кітапханашылар үйінің директоры Г.Жақыпова, Шиелі аудандық кітапхананың бөлім меңгерушісі Э.Бектұрғанова, Жөлек ауылдық кітапханашысы П.Бекішова, Бәйгеқұм ауылдық кітапханашысы Г.Шалғынбаева мен тұрақты оқырмандар және тіл жанашырлары қатысты.
Талаптан ауылында ашылған «Білім орталығы мен қазақ бұрышының»тұсаукесер шарасында ауыл әкімі А.Өмірәліұлы мен зейнеткер ұстаз К.Әлиасқарова лентасын қиып, сөз алып, баланың рухани болмысының қалыптасуына әсер ететін кітап оқу мен ұлттық құндылықтарға көңіл бөлгеннің еш артықтығы жоқ екенін айтты. Сондай ақ «Дарын» көркемсөз оқу клубының мүшелері құндылықтар жайлы өз ойларын жеткізіп, ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Талаптан ауылының кітапханашысы Ә.Дүрманова өз кітапаханасы жайлы ойын ортаға салды. Яғни, мұнда келген оқырмандар кітап оқумен ғана шектелмей, ұлттық ойындар тоғызқұмалақ, асық, шахмат ойнап озық ойларын қалыптастырып, шеберлік пен ептілікке қалыптасып, өз уақыттарын тиімді өткізе алады. Сонымен бірге, қазақ бұрышында тұрған құндылықтарымызды көзбен көріп, танысуға мол мүмкіндік жасалды. Орталықтың ашылуына мұрындық болған ауыл әкімі мен ауылдық мәдениет үйіне алғысымыз шексіз. Өйткені бұл заттар ешқашан қайталанбайтын, бірегей дүниелер. Қолымыздан бір шығарып алсақ орнына қайтып келмейді. Қазақ тарихының тереңдігін, мәдени мұрамыздың байлығын паш ететін құндылықтардың болашақ ұрпаққа осы қалпында жетуі мемлекет деңгейінде материалдық және құқықтық жағдай жасалуына тікелей байланысты. Ұлттық мәдениетті ұлықтаушыларға заман талабына сай қамқорлық көрсету кітапхана қызметкеріне тың серпін беріп, ұлт өнеріне жанашыр жандарың жігеріне жігер қосары сөзсіз. Осындай қазақ бұрышында ұлттық киіз үй жабдықтары, домбыра, түлкі тымақ, бесік, көне сандық, күбі, келі мен келсап, құрақ көрпе және басқа да ұлттық қолөнер бұйымдары қойылған. Аталған бұйымдарды тамашалауға келген оқырмандар ұлттық мәдениетімізді ұмытпай рухани қуат алады. Ата-бабамыздың тұрмыста қолданған заттары уақыт өткен сайын тұрмыс тірішілігімізден жойылып барады. Сол себепті көненің көзі ретінде күбі, киіз үй, ер тұрман, ат әбзелдері сияқты дүниелерді жас ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің міндетіміз» – деді ауыл кітапханашысы А.Дүрманова.

Шапағат Тілеубаев
08 қаңтар 2021 ж. 1 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930