Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берекенің бастауы

Берекенің бастауы

Аудандық балалар кітапханасының оқу залында №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы, №244 Ы.Жақаев атындағы қазақ орта мектебі және № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары арасында «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне арналған «Наурыз думан» атты этнографиялық шара өтті. Ондағы мақсат Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу болды.Шараны балалар кітапханасының кітапханашысы Перуза Түлкібай жүргізіп, Наурыз туралы аңыз әңгімелерді балаларға айтып, таныстырып, сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы біраз мәліметтерге тоқталды. Мерекелік кеште наурыз туралы өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқып, әндер шырқалып, қазақ және өзге ұлт билерін билеп, күй тартылды. Сонымен қатар, кітапхананың белсенді оқырманы Б.Алпысбаев шараға қатысушыларға жүрек-жарды өлеңін ықыласпен мәнерлеп оқып берді. Мектеп оқушылары қойылым әзірлеп, ертегі-аңыздардағы кейіпкерлер Қарашаш, Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша баланы сомдап, кеш қонақтары мен оқырмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында кітапханашы С.Ерғали «Шуақты Наурыз» атты кең көлемде ұйымдастырылған кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды.
Шара соңында кітапхана меңгерушісі Ұ.Ешмаханова «Наурыз думан» атты мерекелік кешті қорытындылап, белсенділік танытқан оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады.

Ж.Қауғанбаева.
30 наурыз 2019 ж. 1 174 0