«Әзілің, жарасса !» атты аймақтық әзілкештер сайысы өткзілді
2018 жылдың сәуір айының 3-ші жұлдызында Ақтоған ауылдық округі әкімінің бекітуімен «Досбол» ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай 1 сәуір - Халықаралық күлкі күні мерекесіне арналған «Әзілің, жарасса !» атты аймақтық әзілкештер сайысы өткзілді.
Сайыстың мақсаты: ауыл арасындағы таланттардың бүгінгі таңдағы шығармашылық өсу деңгейін, олардың қазіргі заман талабына сай шығармашылық ізденістерін арттыру, таланттарды өнерге тәрбиелеп, жанрдың жан-жақты түрлері бойынша шығармашылықтарын дамыту.
Сайысқа 7 ауылдық округтен талапкерлер қатысты. Сайыстың шарты ІІ кезеңнен тұрды.
І кезең: Кез – келген танымал әншінің әніне пародия (әнді нақышына келтіріп, әншінің ән айтудағы мимикасын және биін салу)
ІІ кезең: Өз қалауы бойынша пародия (кез-келген әзілкештердің, киноактерлар мен актрисалардың сомдаған рөлдерінен үзінді, жанды дауыста)
Сайысқа жиналған көрермендер, талапкерлердің өнерлеріне тәнті болып, күлкіден ес жия алмады.
Әділқазылардың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Досбол ауылының талапкері Т.Жұмабайұлы
І орын – Тәжібаев ауылының талапкерлері Ғ.Қалдыбеков, Р.Құлмағанбетов
ІІ орын – Жахаев ауылының талапкері А.Ниятуллаев
ІІІ орын – Бестам ауылының талапкерлері Ж.Дәрменов, Қ.Сәрсеновтер иеленді. Сайысқа қатысушы талапкерлерге мекеме басшысы Ш. Досымова алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
"Өскен өңір" ақпарат.