Ғасыр жасаған қара шаңырақ
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады», деп ақын Мағжан айтқандай, жуырда аудан орталығындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Білім ордасының іргетасы 1922 жылы қаланған.
Иә, мектеп – іргелі білім ордасы, кешенді ғылым орталығы, заманының заңғар перзенттері қызмет еткен қасиетті қара шаңырақ. Білім мен ғылымның ғана емес, көрнекті мемлекет пен қоғам қайраткерлерін тәрбиелеп өсіретін шеберхана іспетті. 100 жылдық мерейтойға келген қонақтар әуелі мектеп ішіндегі музейге қойылған оқушылардың қолынан шыққан түрлі бұйымдар мен осында еңбек еткен ұстаздардың суреттерін, түлектер туралы мәліметтер, естелік кітаптар мен шыққан газеттерін тамашалады. Одан соң, мектептің мәжіліс залында «Самғатқан сан түлекті алтын ұям» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының кеңесшісі Мақсұт Баекеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, аудандық білім бөлімінің басшысы Қанат Әмзеев және ардагер ұстаздар қатысты.

Алғы сөзді аудан әкімінің орынбасары А.Әбілқасымұлы алды.
– Құрметті ұстаздар! Баршаңызды қасиетті қара шаңырақ №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясының құрылғанына жүз жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Мектеп адам баласының өмірінде ерекше орын алатын қасиетті ұғым. Оны халқымыздың алтын ұяға теңеуінде үлкен мән жатыр. Ал жас өреннің келешегі жарқын болуы осы білім ордасында алған тәрбие мен білімге тікелей байланысты. Бір ғасыр тарихы бар білім ошағының қаймағы бұзылмай дарындылар ордасына айналып келеді. Өйткені осы қара шаңырақтан түлеп ұшқан шәкірттер еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүр, – деді ол.
Аталған білім ордасы қойнауына талай тарихты бүгіп, осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Білім ордасынан Шиелі өңірінің даңқын шығарған 500-ден астам басылымдардың авторы, оның ішінде 40 тан астам монографиялар, оқулықтар мен кітаптардың авторы, философия ғылымының докторы, профессор Досмұхамед Кішібеков, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Оразбек Сәрсенбаев, отыздан астам ғылыми мақаланың авторы, математика ғылымының докторы, профессор, академик Асқар Жұмаділдаев, соғыс және еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Ғафур Мұхамеджанов, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Сейілбек Шаухаманов, генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов, қарымды қаламгер Дәулетбек Байдрахманұлы, ауданның «Құрметті азаматы», білім саласының ардагері Рахым Мауяев, ҚР Президенті телерадиокешенінің креативті директоры Нұрлан Қоянбаев, белгілі тележүргізуші Руслан Бөлебай секілді айтулы азаматтар білім алған.
Іргелі білім ошағын 100 жылдық мерейтойы қарсаңында осы мектептің 50 жыл бұрынғы түлегі, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының кеңесшісі Мақсұт Баекеев, мектептің өркендеуіне үлес қосқан ардагер ұстаздар Күлжан Жәукебаева мен Қали Дүйсеманов Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды.
Мектеп 100 жыл ішінде тарыдай бүлдіршіннен таудай тұлға қалыптастырған алтын ордаға айналды. Соңғы он жылдан бері Айнұр Архабаева осы ұжымды басқарып келеді.
– Бүгін біздің алтын ұямызда үлкен той, мереке. Сонау 1922 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағына бүгінде 100 жыл толды. Осынау уақыт ішінде мектеп қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Талайдың бағын ашқан алтын ұя мен онда қызмет жасаған асыл ұстаздарды әрдайым мақтаныш етеміз. Сондықтан білім бәсекесінде тек аудандық деңгейде ғана емес, облыстық көлемде зор маңызға ие мектептің мерейтойы – ортақ қуанышымыз. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде оқу ошағының үлесі зор, – деді мектеп директоры.
«Ағаш жапырағымен, адам ұрпағымен, ал ұстаз шәкіртімен көрікті» деген осы шығар. Бұл мектептен көктеген талай жас шыбықтың тамыры тереңдеп, алып еменге айналғанына аудан жұртшылығы куә. Талай ұрпақ білім алып, тәрбие көріп, болашаққа қадам басты. Берісі – қала, облыс, әрісі республиканың экономикасы мен мәдениетіне үлестерін қосуда. Мерекелік жиында жан жақта оқып жүрген түлектері де шет қалмай, ақ тілегін білдірді. Олардың алтын ұя мектебі мен аяулы ұстаздарына шын жүректен жолдаған тілектерін лэд-экраннан тамашалады. Одан соң жүз жылдық тарихы бар мектептің жүзінші түлектері Айқын Төлегенов пен Елдар Әмірхандар ғасыр мектебіне жыр шашуларын арнады.
Салтанатты шара соңы мерейтойлық концетке ұласты.
Ш.Тілеубаев