Балабақша – бақыт аралы
Апта басында Еңбекші ауылындағы «Әділжан» балабақшасында «Табиғат аясында» тақырыбында семинар өтті.
Шараға білім бөлімінің әдіскері және он бір балабақшаның қызметкерлері қатысты. Балабақша меңгерушісі Айсұлу Жаханова келген қонақтарға балабақша ішін таныстырды. Әр бөлме балалардың жас ерекшеліктеріне сай заманауи үлгіде жабдықталған. Яғни мұнда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен, музыкамен айналысуына да баса назар аударылған. Бүгінде балабақшада 20 адам жұмыспен қамтылса, оның 6-ы педагог маман, 14-і техникалық қызметкер.

Игі жұмысты іске асырған «Әділжан» балабақшасының басшысы Айсұлу Жаханова – білікті маман. Ол осы салада жүріп, төгілген тер мен атқарған істің нәтижесі жемісін бергенін айтады.
– Бұл балабақша көптен бері жоспарланған жетістігімнің бірі. Жинаған тәжірибем үлкен іске қадам басуға себепкер болды. Алдағы уақытта балабақшамыз патироттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбелейтін жер болады деген сенім білдіремін, – дейді балабақша басшысы.
Шара барысында тәрбиешілер балдырғандарды «Жайлауға саяхат» жасатып, «Көбелек пен инелік» тақырыбында ашық оқу іс-әрекетін ұйымдастырды. Одан соң қонақтарға балалар шығармашылығынан көрме ұсынылса, балабақша әдіскері «Ғажайып көңіл-күй сыйлаймын» тренингін өткізді.
Айдана Назарбекова,
Қорқыт ата атындағы университеттің журналистика мамандығының 1 курс студенті
Қорқыт ата атындағы университеттің журналистика мамандығының 1 курс студенті