СӘТТІ ӨТКЕН СЕМИНАР

Алдымен балабақша меңгерушісі Ақерке Баймаханова жиналғандарды «Денсаулық» білім беру саласы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқы бағдарламасы бойынша презентациямен таныстырды. Одан соң тәрбиеші Әсел Абдраманова балаларға «Орманға саяхат» жасатса, Гүлназ Асқарова дидактикалық ойын ұйымдастырды. Ал балабақша қызметкерлері Айгүл Жұмағұл мен Айнұр Жаликовалардың «Спорт – өмір көркі» эстафеталық сайыстары көптің көңілінен шықты. Аудандық семинар Лайла Ахметованың қимылды ойындарымен мәресіне жетті.
Шараны аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Илиаджиева қорытындылап, білікті тәбиешілер мен бастамашыл басшыларға сәттілік тіледі. Жиналғандар жаңаша оқытудың тың жаңалықтарымен бөліскен ұжымға ризашылықтарын білдіріп, «сәтті өткен семинар» деп бағасын берді.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ