Балабақшалардың жай-күйі назарда
Жуырда «Арман» мәдениет үйінде «Шиелі ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мәселелер» тақырыбында іс-шара өтті. Аталған шараны «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» Шиелі ауданы бойынша филиал директоры Ж.Әділбек ұйымдастырды.
Жалпы Қызылорда қаласында 205 жеке мектепке дейінгі ұйым бар. Ал 83 мыңға тарта халқы бар Шиелі ауданында 72 балабақша, онда 1368 қызметкер жұмыс істейді. Ал көршілес жатқан Жаңақорған ауданында балабақша саны 80-ге жуықтайды. Іс-шараға арнайы келген «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының» төрайымы Л.Куленова аталған қауымдастықтың Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Н.Мишукова аудандағы балабақшалардың басшыларымен тілдесті. Сонымен қатар шараға облыстық Кәсіпкерлік палатасының Шиелі ауданы бойынша филиал директоры М.Нұртазаев та қатысты.

– Баршамызға белгілі пандемия кезінде балабақшалар да жұмысын тоқтатқан болатын. Аудандағы ахуал тұрақталған соң балалар санын азайтып болса да жұмысын бастаған балабақшалар қатаң тәртіпті сақтауға барын салуда. Экономикаға кері әсерін туғызған жұқпалы дертпен күресіп, сындарлы шақтан өткен сәтте де балабақша қызметкерлерінің жалақысын толық беріп, қолдау танытып келе жатқан аудан әкімі Қ.Мүбараков пен білім бөлімінің басшысы Ы.Мәдиевке алғысымызды білдіреміз, – деді Ж.Әділбек.
Одан әрі сөз тізгінін «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының» төрайымы Л.Куленова еліміздегі жеке мектепке дейінгі ұйымдардың өзекті мәселелеріне қатысты мәлімдеме жасады.
Г.ДҮЙСЕБАЙ