Жамбыл облысында мереке күні жеті балабақша ашылды
Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні 7 балабақша пайдалануға берілді. Ашылған бөбекжайлардың дені Қордай, Жуалы, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов аудандарының елді мекендерінде бой көтерген. Нәтижесінде аймақта кезекте тұрған 1800 бала бөбекжаймен қамтылып отыр. Айта кету керек, өңірде 508 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның 26 пайызы жекеменшік. Қазір облыста жалпы саны 15 мың бала балабақша кезегінде тұр. Соның ішінде 3 пен 6 жас арасындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 97 пайызға жеткен. Рахия Тұрмаханбетова, облыстық білім басқармасының басшысы: - Өткен жылы жекеменшік балабақша 37 ашқан болсақ. Биылдың өзінде біз 48 аштық. Бүгін 8 балабақша аштық, жыл соңына дейін тағы 8 балабақша ашылмақшы. Егер демографиялық өсімді облыста есептейтін болсақ келесі жылы бізге 3 мың орынға балабақша ашу керек болып отыр. Сонда біз 100 пайыз қамтимыз. Жыл соңына дейін 98 пайыз болады.
www.24.kz
www.24.kz