Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қош бол, балабақша

Қош бол, балабақша

Балабақша – бұл әр баланың өміріндегі маңызды кезеңі. Осы жерден баланың әрі қарай дамуына көз жеткізе аламыз. Бұл жерде бала жаңашылдыққа бейімделіп, басқа балалармен тіл табыса бастайды Және мектепке дайындалады. Бақытты, уайымсыз балалық шақтары, алғашқы достары, алғашқы жетістіктері осы балабақшаның ішінде өтеді. Ал, тәрбиешілер – баланың жандүниесі, жақсы мен жаманды ажыратып, оған әрдайым қолдау көрсетеді. Негізі балабақшаны сәбидің екінші үйі десек те болғандай. Өйткені, осы жерде тамақтанады, ойнайды, ұйықтайды, әртүрлі қызықты оқиғаларға тап болады.
Жуырда «Айсұлу-Ұ» балабақ­шасы тәрбиеленушілерін мектепке қарай қанаттандырды. Балабақша ішінен түрлі түстерді ажыратып, айналадағы қоршаған заттардың атауын үйреніп, жазу, сызуға баулыған бүлдіршіндерімен қимастықпен қоштасқан балабақша меңгерушісі А.Есенова мен әдіскер С.Әйтенова бүлдіршіндердің әр қадамдарына сәттілік тіледі. Балабақша балдырғандары ән айтып, би биледі. Балдай тәтті тілдерімен тақпақ айтып, кішкентай жүректеріндегі шексіз алғыстарын білдірді. Тәрбиешілері Н.Шорабаева мен М.Қалыбекова балаларындай болған бүлдіршіндеріне түрлі ертегі кейіпкерлерін сомдап, театрланған көрініс қоюды да үйреткен. Қоштасу шарасының соңы қимас сезімге, ыстық ықылас пен жылы лебіздерге толы болды.

Б.БӘЙІМБЕТ.
27 маусым 2018 ж. 3 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930