Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ

Шараға білім бөлімінің әдіскері Айнұр Илиаджиева және аудандағы өзге де балабақшалардың қызметкерлері қатысты. Ең алдымен балабақша тәрбиешісі, семинар жүргізушісі Жазира Омарова жиналғандарды «Денсаулық» білім беру саласы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілі оқу бағдарламасы бойынша презентацияға шолу жасап, таныстырды. Одан соң ересек топтың тәрбиешісі Назерке Балтабай «Достасайық бәріміз» тақырыбында дидактикалық ойын ұйымдастырса, ортаңғы топтың тәрбиешісі Айгүл Альхайрова «Денсаулық еліне пойызбен саяхат» жасатты.
Денсаулық шарасын аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Илиаджиева қорытындылап, білікті тәбиешілер мен бастамашыл басшыларға сәттілік тіледі. Жиналғандар жаңаша оқытудың тың жаңалықтарымен бөліскен ұжымға ризашылықтарын білдіріп, семинарға жоғары баға берді.
Сұлушаш МАДИЯРОВА