Суына қарай егін ек
Былтырғы қуаңшылық шаруалар қауымын тығырыққа тіреді. Алқаптардың кенезесін кептірген құрғақшылық пен дариядағы су мөлшерінің төмендеуі алынуы тиіс астық көлемін күрт азайтты. Маңғыстауда мал қырылып, аралдық ағайын малға азық тауып бере алмай алақан жайып қалғаны да есімізде.
«Қиындық – жақсы ұстаз» деп жатамыз. Бірақ жақында ғана қуаңшылық мәселесін шешуі тиіс болған миллиардттардың мақсатсыз жұмсалғанын президенттің өз аузынан естігенде жаға ұстағанымыз бар. Бұл мәселе туралы «Кейінгі бес жылда мемлекет аграрилерді қолдау үшін екі триллион теңге бөлді. Осы уақыт ішінде аталған салада 960 қылмыстық іс тіркелген. 450 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл сала жылдар бойы жемқорлыққа белшеден батуда. Соның салдарынан мемлекет үлкен зиян шекті, азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келді», – деді мемлекет басшысы.

Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді суландыруға бөлінген 80 миллиард теңгенің тең жартысы мақсатқа сай жұмсалмаған. «Былтыр қуаңшылық болған кезде шаруалар жем-шөп таппай, мал қырылып қалды. Тіпті, кейбір өңірде шаруаларға субсидия ретінде күн батареясы берілген. Ашығын айтқанда, ауыл тұрғындарына не қажет екеніне ешкім бас қатырмаған. Субсидияны игердік деп есеп беру үшін сол күн батареяларының бағасы еселеп көрсетілген. Мұның бәрі уәкілетті органдардың жауапсыздығынан болған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер мұндай былыққа жол бергені үшін жауап беруі керек», – деп атап өтті өз сөзінде Тоқаев.
Қырда жүрген дуадақ, су қадірін не білсін?
Ала жаздай қаншама кішігірім шаруашылықтардың өз малының аузынан жырып қуаңшылық жайлаған Маңғыстау мен Аралға мыңдаған көлік шөп жіберіп жатқанында, жауапты министріліктің қыруар қаражатты далаға шашқаны адам айтса нанғысыз жағдай. Бірақ президенттің аузынан шыққаннан кейін сенбеске шара бар ма?

«Ұрының арты қуыс» дегендей енді бұл саладағы былықтармен құқық қорғау органдары айналысады. Төрелікті соларға қалдырдық. Енді қайтпек керек? Әрине қол қусырып отырғаннан пайда таппасымыз анық. Оның үстіне ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың айтуынша биылғы жағдай былтырғыдан да күрделі болатын сыңайлы. Атап өтсек, таулы жерлерде судың келуі 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40-50 процентке дейін кеміген. Тоқтағұл су қоймасында бүгінгі таңда 8,9 млрд текше метр су бар. Ол өткен жылмен салыстырғанда 1,5 млрд текше метрге кем көрсеткіш. Өкінішке қарай, Шардара су қоймасына вегетацияаралық кезеңінде өткен жылдың 1 қазанынан бастап осы жылдың 1 сәуіріне дейін 10,3 млрд текше метр су келеді деп болжаған. Алайда су болжағаннан да кем түсіп отыр. Осы жағдай жалғасатын болса, 10,3 млрд текше метр судың орнына Шардараға 7,3 яғни 3 млрд-қа кем су келуі ықтимал. Осы орайда Шиелі ауданының былтырғы жылы ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктері мен су тапшылығына қарсы шараларына тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.
Жасалған еңбек, төккен тер
Былтыр Шиелі ауданы бойынша 30 мың 189 гектар жерге егін егілген оның 40 процентке жуығы, яғни 12 мың 39 гектарына күріш дақылы егілген. Күздік бидай 2 мың 34 гектар, жаздық бидай 655 гектар, жүгері 60 гектар, тары 150 гектар, арпа 20 гектар, соя 70 гектар, мақсары 992 гектар, жаңа жоңышқа 3 мың 467 гектар, ескі жоңышқа 5 мың 448 гектар, мал жемдік асқабақ 155 гектар. Жемдік жүгері 50 гектар, картоп 1 мың 166 гектар, көкөніс 1570 гектар.

Бидай дақылынан 1 мың 589 тонна өнім алынса, мақсарыдан 1 мың 289 тонна өнім жиналған. Сондай-ақ картоптан 20 мың 238 тонна өнім жиналған. Көкөністерден 35 мың 880 тонна, дәндік жүгеріден 240 тонна өнім алынған.
Тамшылатып суғару әдісін кеңейту мақсатында былтыр 95 гектарға тамшылатып суару әдісімен егін егіліп, соның ішінде республиканың көптеген облыстарында сұранысқа ие қызанақ өнімі де осы әдіспен өсірілген.
Байқағанымыздай, ауданда былтыр күріш дақылының көлемі қысқартылып, оның орнына картоп, көкөніс, бақша, соя, арпа, жүгері өнімдері өсірілген. Әйтсе де, аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі әлі де аз. Оның үстіне суды үнімдеу әдістері кең көлемде қолданысқа енгізілмегені алаңдатарлық жағдай. Ал биылғы жоспар қандай?
Қиындық – жақсы ұстаз
Жалпы биыл 29 мың 250 гектар жерге егін егу жоспарланған. Жаздық бидай 820 гектар, күздік бидай 1451 гектар, арпа 50 гектар, жүгері 110 гектар, тары 150 гектар, мақсары 1000 гектар, соя 150 гектар, жаңа жоңышқа 3400 гектар, ескі жоңышқа 5520 гектар, мал жемдік асқабақ 17 гектар, жемдік жүгері 70 гектар.

Болжанып отырған су тапшылғына байланысты күріш дақылының көлемі тағы 1 мың 39 гектарға азайтылмақ. Айта кетерлігі, 2020 жылдан бүгінгі дейін оның көлемі 3 мың 353 гектарға қысқартылған. Яғни 2020 жылы 14 мың 353 гектар күріш егілсе, биыл 11 мың гектар болмақ. Егінге бөлінетін су аз болғандықтан егін шаруашылғын әртараптандыру мақсатында картоп, көкөніс, бақша, соя, арпа, жүгері дақылының егіс көлемін ұлғайту жоспарда.
Шиелі каналы су тапшылығын болдырмайды
Биыл су тапшылғын алдын алудың тағы бір жолы ретінде Шиелі магистральді каналының сағасын тазалау ұсынылған болатын. Нәтижесінде шаруашылық басшылары өз қаражаты есебінен каналды қазу жұмыстарын бастап кеткен.

Естеріңізде болса, 2001 жылы аудан азаматтары ұйымдасуымен қазылған бұл канал уақыт өте келе көміліп, тазартылмай қалған болатын. Тазалау жұмыстары аяқталса, Шиелі каналы су тапшылғының алдын алуға үлкен көмек болады деген жоспар бар.
Жаңбырлатып суғару әдісімен жоңышқа егілмек
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбековтың айтуынша, 2022 жылдан бастап ауданның индустриялды аймағынан 10 мың гектар аумаққа жоңышқа егу жобасы іске асырылмақ. Биылғы жылдың көктем айларында сорғы станциялары мен су өткізгіштерінің құрылысы мен жаңбырлатқыш құрылғыларды орнату жобасына тендер жарияланса, күз айларында оған қажетті жер жыртылып, ондағы бұталар түбімен алынып тасталынбақ. Ал 2023 жылдың көктем айларында жоңышқа егу жұмыстары басталатын болады. Бір айта кетерлік жағдай 10 мың гектарға егілетін жоңышқа Шиелі ауданында алғаш рет жаңбырлатып суару әдісімен өсірілмек.

Тамшыдайын суы жоқ, шаруа қайтіп күн көрер?
Су тапшылығы мәселесі суды аз қажет ететін дақылдарды егу мәселесі мен қатар тамшылатып, жаңбырлатып суғару секілді әдістерді қолданудың маңыздылығын айқындап берді. Жоғарыда айтып өткендей тамшылатып суғару әдісімен былтыр Шиелі ауданында 95 гектар аумаққа егін егілген. Демек бұл әдіс біз үшін таңсық емес. Ал жаңбырлатып суғару әдісінің тиімді тұстарын көпішілігіміз біле бермейміз.

Тамшылатып суғару мен жаңбырлатып суғару әдістері ауыл шаруашылығы саласында ойып тұрып орын алған. Екі әдіс те жоғары тиімділікке ие, әрі қысқа мерзім ішінде топырақты ылғалмен қанықтыруға мүмкіндік береді. Белгілі бір жүйеге тоқталуға кеңес бермейміз, себебі 2 жүйенің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Тамшылатып суғару дегеніміз не?
Суғарудың бұл әдісін салыстырмалы түрде жаңа деп атауға болады. Оның негізгі мақсаты – суды әрбір өсімдіктің тамырына тікелей жеткізу. Мұны іске асыру үшін егіс алқабына кішкене тесіктері бар жұқа түтіктер жүргізіліп, тесіктері арқылы су беріледі. Су көп жағдайда резервуардан немесе ұңғымадан сорғымен тартылады. Бұл әдіс тиімді, бірақ жүйені орнату үшін біршама уақытты қажет етеді. Сондай-ақ, үлкен аумақтарда суару жүйесін орнатуға айтарлықтай қаражат жұмсалады. Бірақ дайын құбырлар суды бірнеше есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тамшылатып суарудың артықшылықтарына келер болсақ, аталған әдіс су тапшылығы қатты сезілетін аймақтарда өте тиімді. Сондай-ақ, бұл әдіс арамшөптердің өсуіне жол бермейді. Әрі арықтардың арасы лайланбай, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік бар. Ал басты кемшілігі құбырлар мен су сорғысын орнатуға кететін шығындардың соммасы болмақ.
Жаңбырлатып суғару дегеніміз не?
Жаңбырлатып суғару – бұл ауыл шаруашылық жерлерін суғарудың ескі технологиясы. Оның артықшылығы – табиғи жаңбыр суына барынша жақындығы. Сонымен қатар, технология ауаны ылғалдандыруды қамтамасыз етеді. Мысалы қияр мен қырыққабатты суаруға таптырмас шешім. Сондай-ақ, әдіс өсімдіктерді шаңнан тазартады. Бұл фотосинтездің қалыпты жүруіне және тез өсуіне ықпал етеді.

Жаңбырлату әдісімен суғару шашыратқыштармен жабдықталған арнайы машиналардың көмегімен жүзеге асырылады – олар судың жақын және алыс қашықтықтарға біркелкі шашырауын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл әдіс таңертең жүргізілуі керек. Себебі жаңбырлатып суару әдісімен өсімдікті күндіз суаратын болса, оның жапырақтарға түсетін тамшылар күйікке әкелуі мүмкін. Ал егер кешкі уақытта суарған жағдайда жапырақтардағы ылғал түнге дейін буланып үлгермей, бұл өз кезегінде шірікке әкелуі мүмкін.
Бақшаны суарудың қай жүйесі тиімді екенін нақты айту мүмкін емес. Олардың әрқайсысы ерекше жағдайларда және дұрыс жабдықты таңдағанда тиімді болады.
Тамшылатып суару әдісі кімдерге тиімді?
Сіздің бақшаңызға тамшылатып суару әдісін таңдау келесі жағдайларда ұсынылады:
Сіздің бақшаңызға тамшылатып суару әдісін таңдау келесі жағдайларда ұсынылады:
1. Күрделі рельефте. Бақшаға тамшылатып суару – бұл биіктік айырмашылығы бар рельеф жағдайында жалғыз дұрыс шешім. Егер сіздің егістігіңіз көлбеу жерде орналасқан болса, онда шашыратуды қолдану тиімсіз болады, өйткені су сөзсіз ағып кетеді. Нәтижесінде биіктікте орналасқан учаскенің бір бөлігі құрғап, төменгі бөлігі су астында қалады.
2. Тамыр астында суаруды қажет ететін өсімдіктерді өсіру кезінде. Қызанақ, баклажан және бұрыш сияқты кейбір дақылдар жоғары ылғалдылыққа шыдамайды, сондықтан оларды тамшылату арқылы суғару керек.
Қандай жағдайларда жаңбырлатып суару әдісін таңдаған жөн?
Жаңбырлатып суғару әдісі көбінесе үлкен аумақтарды суғару үшін таңдалады, өйткені тамшылатып суғаруға қарағанда жабдықтарды оранту мен көшіру оңай. Сондай-ақ, белгілі бір дақылдарды суғару үшін осы әдіс ұсынылады. Мәселен: қияр мен капуста, асқабақ өнімдеріне дәл осы әдісті қолдану тиімділігін көрсеткен. Себебі аталған өнімдер ауаның жоғары ылғалдылығын қажет етеді.

Қорыта айтқанда дария суының жылдан жылға төмендеуі табиғи жағдай. «Бір күн болмаса бір күні су деңгейі қайта көтеріліп кетеді» деп қол қусырып қарап отыра беруге болмайды. Тірі адам тіршілігін жасап, күнелтуі бұл өмірдің заңдылығы. Сол секілді шаруалар да табиғат ананың ең құнды сыйы суды бағалап, мөлшерімен пайдалануға бейімделуі керек. Ол үшін әрине аталған әдістердің өзіне тиімдісін таңдап, әрекет қылуы тиіс. «Әрекет түбі берекет» деген.
Рамазан ӘНӘПИЯ