Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы агросалаға серпін берді

Мемлекет басшысы агросалаға серпін берді

АҚМАЯНЫҢ АЗАМАТЫ » Облыстық Сыр бойы газеті | Областная газета Сыр ... Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі Төтенше жағдай режиміне және мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік саладағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады. Бүкіл әлем күрескен пандемияның залалы экономикамызға да әсер етпей қоймады. Сондықтан болар агросалаға басымдық берген Президент шаруа қожалықтарға қолдау білдірді.
         Қасым-Жомарт Кемелұлы осындай сындарлы мзетте бұқараның тұрмыс-тіршілігіне алаңдаулы. Елім деген басшының бұлай шырылдауы да орынды. Алпауыт елдердің өзің есеңгіреп қалған коронавируспен ел болып күресу оңай емес. Сондықтан карантиндік режимде жатқан халықтың азық-түлікке қол жетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекет басшысы мәлімдеме барысында «Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. Төтенше жағдай кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың «шекті бағасы» сақталуға тиіс», - деп нақты тапсырмаларды жүктеді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы биыл ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының үш есеге артқанын мәлімдеді. Біздің өңірде егіс науқаны басталып, 30 пайызы орындалып үлгергенін тілге тиек еткен Прекзидент басқа аймақтарға да жедел тапсырмалар берді. Ең бастысы шаруалар үшін пестицид  пен тыңайтқыш, сапалы дән мен жанар-жағармай материалдарын сатып алу үшін айналым құралдарымен қаматамасыз етілуі тиіс екенін айтып, үлкен қолдау білдірді. Ендігі кезекте еліміз осы індеттен аман шықсын деп тілейміз.
Дәулет ЖҰМБЕКОВ,
«Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы, депутат
11 сәуір 2020 ж. 437 0