Халықтың қамын ойлаған Президент
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Қалың бұқараның көңіліне үйірілген қара бұлтты сейілткен Президент төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленін тілге тиек етті. Сонымен қатар халық тығыз орналасқан Оңтүстік өңір, оның ішінде Қызылорда облысындағы ахуалға алаңдаушылық білдірді. Сондықтан карантиндік режимді қатаң сақтауды ұсынды. Бүгінгі таңда өздеріңізге аян Шиелідегі ахуал ушығып барады. «Тәжді» дерттің дерегі күн сайын, сағат сайын өзгеріске ұшырып, дертке шалдыққандардың саны күрт өсуде. Сондықтан үйде отырып, сақтық шараларын сақтайық.
Қонақжай қазақ халқы үшін ағайын-туыс, көрші-қолаңмен араласпай отыру қиын әрине. Дегенмен бір адамның сақтық шарасы бір отбасыны, одан әрі бір қауым елді аты шулы сырқаттан сақтайды. Сөзімнің соңын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Қазақстан міндетті түрде осы қиындықты еңсеріп, тұрақты және сапалы өркендеу жолына түседі. Жалпы, дағдарыс бұл еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, бәріміз бір ел болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек» – деген сөзімен қорытындылағанды жөн көрдім.
Амангелді Абдрахманов
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы