Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Таяу шығыстағы ахуал талқыланды

Таяу шығыстағы ахуал талқыланды

Қаңтар айының 8-не Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің орынбасарының, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Сыртқы істер министрінің, Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің және Қарулы Күштер Бас штабы бастығының қатысуымен кеңес өткізді.

Онда Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті Парсы шығанағы аймағындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, аталған іс-қимылдарға қатысушы тараптардың барынша ұстамдылық танытуы қажеттігін айтып, қақтығыстарды дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен бұл іске БҰҰ араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, еліміздегі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін сақтау үшін шаралар қабылдауды, мемлекетіміздің ұлттық мүддесіне қатысты маңызды ақпараттарды алу және талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Алдағы уақытта халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және қорғаныс әлеуетін күшейту мәселе­леріне ерекше көңіл бөлінетін болады.

«Өскен өңір» ақпарат

11 қаңтар 2020 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031