Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жусан» операциясы АҚШ-тың көмегімен іске асырылды – СІМ

«Жусан» операциясы АҚШ-тың көмегімен іске асырылды – СІМ


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев «Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау» (Жусан-2) туралы арнайы брифинг барысында айтып берді.

Ашықбаевтың айтуынша, елге әкелінген азаматтардың қандай да бір қылмысқа қатыстылығы анықталған жағдайда олар қылмыстық жауапқа тартылады. 
«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі бойынша және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың санкциясына сәйкес 7 және 9 мамырда әскери қақтығыс болған аймақтардан Қазақстанның 231 азаматы елге қайтарылды. Олардың ішінде 16 ер адам, 59 әйел адам және 156 бала бар. Бұл гуманитарлық агитация, біріншіден, қарулы шиелініс аумағында болған біздің азаматтарымызды құтқаруға және олардың балаларына Қазақстанның толыққанды азаматы ретінде бейбіт өмір сүруге мүмкіндік беру. Террористік іс-қимылдары және заңсыз жауынгерлік әрекеттеріне қатыстылығына келетін болсақ, олардың қылмыстарға қатыстылығы дәлелденген жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершіліккке тартылатын болады», - деді Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев.


Сонымен қатар, ол «Жусан» операциясы Америка Құрама Штаттарының қолдауымен іске асырылғанын айтты.  
«Бұл гуманитарлық операция АҚШ-тың қолдауымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, бұл жобада Сирия гуманитарлық күштерінің маңызды рөлін айта кеткен жөн. Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2178 және 2396 қаулыларына сәйкес өзінің халықаралық міндеттемелерін толық орындау жөніндегі ұстанымы, өзінің шетелдегі азаматтарына қолдау көрсету ұстанымы бізді жауапты мемлекет ретінде көрсетіп отыр. Сыртқы істер министрлігі бүкіл жұмысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті, басқа да мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз үйлестіру арқылы өткізді», - деді вице-министр.
Оның сөзінше, елге қайтарылған балалардың көп бөлігі террористік топтардың аймақтарында дүниеге келген.
«Қазақстандықтардың бір бөлігі өздерінің төлқұжаттарын жоғалтқан. Балалардың басым бөлігі ИГИЛ, ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) бақылауындағы аймақтарда туған болатын. Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелер операция барысында консулдық құқықтық және логистикалық қолдау көрсеткен болатын. Енді реабилитациялау мәселелеріне көңіл бөле отырып, қайтып келген әйелдер мен балаларды қайта әлеуметтендіру кезеңі басталды», - деді ол.


Жақында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы – балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасаған болатын.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 6 қаңтарда «Жусан» операциясына байланысты Сириядан 47 азаматымыз елге қайтарылғанын хабарлаған болатын.
15 мамыр 2019 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031