Сирияға кеткен қазақстандықтар елге оралуға көмек сұрап отыр
Сирияға кетіп елге орала алмай жатқан қазақстандықтар туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді айтып берді.Әйел адам “Хабар 24” телеарнасының редакциясына хабарласып, көмек сұраған. Ол 7 қазақстандық азамат пен 16 баланың Сириядан елге қайта алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik.
Әйелдің айтуынша, Орал, Ақтөбе, Алматы және Жезқазған қалаларынан барған қазақстандықтардың жағдайы нашар. Балалары түрлі дертке шалдыққан.
Мұхтар Тілеуберді Сирия мен Ирак елінде жүрген азаматтарды тексеріп жатылғанын айтты.
“Оларды елге қайтару бойынша да мәселе қаралып жатыр. Біздің Иорданиядағы елшілігіміз бен Ливандағы бас консулдық азаматтарды іздеумен айналысуда. Бұдан бөлек біз сонда жүрген азаматтардың ата-аналарымен де байланыстамыз”, — деді ол.
Бұл іске СІМ, арнайы қызмет, Қорғаныс, ішкі істер министрліктері мен төтенше жағдай комитеті атсалысып жатыр. Азаматтар елге қайтарылатын болса, арнайы ұшақпен жеткізіледі.
“Қазір Сирия мен Иракта азаматтарымыздың террористік қызметке қатыстылығы тексерілуде. Олардың кінәсіз екендігі анықталғаннан кейін, Қазақстан тарапына беріледі. Кейбір әйелдердің қасында балалары бар. Оларды отанға қайтару үшін ата-анасының баланы алып кетуге рұқсаты керек. Ал анасы немесе әкесі арнайы тексеріс аяқталғанға дейін сол жақта қала тұрады”, —деді Тілеуберді.
Stan.kz