Эгей теңізінен мигрант толы қайық табылды
Түркияның жағалау күзеті Эгей теңізінен мигрант толы үш қайықты тауып алды. Ресми дерекке сүйенсек, бортта 183 босқын болған. Дені Орталық Африка Республикасы, Ирак, Палестина, Конго, Сенегал және Сирия елдерінің азаматтары. Барлығы да жағаға жеткізіліп, оларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Халықаралық көші-қон агенттігінің дерегі бойынша, бірінші жартыжылдықта Еуроодаққа қоныс аудармақ болған мигранттардың саны екі есе қысқарған. Ал Түркияға бас сауғалап қашқандардың көбісі Сирия мен Ирак елдерінің азаматтары. Анкара мен Брюссель арасындағы 2015 жылы жасалған келісімге қарамастан, елге ағылған кірмелердің саны азаяр емес. Айта кетейік, құжат бойынша Түркия мигранттар легін тоқтату мақсатында шекараны да жапқан болатын.
www.24.kz
www.24.kz