Әлемдегі ең көне қалалар
Адамзат баласы ең алғаш қоныстана бастаған жерлер бар, бірақ олардың көпшілігі бүгінде жер бетінен жойылып кетті десек те болады. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылып жатқан аймақтардың тек өз дәуірінің тарихынан сыр шертіп, қазіргі заманнан қол үзгендері көп. Бірақ әлі күнге дейін адамдар тұрып жатқан қалалардың көбі өздерінің мыңжылдық тарихымен мақтана алмайды. Алайда, күн өткен сайын азайып келе жатқанына қарамастан, әлі күнге дейін сан ғасырлық тарихын сақтап, адамдарға тұрақты мекен болып келе жатқан қалалар да бар. Назарларыңызға жер бетіндегі мыңжылдықтарға созылған хронологиясына қарамастан, осы күнге дейін адамдар тұрып жатқан ең көне қалалардың үштігін ұсынамыз.
1. Иерихон, Палестина Иерихон, Палестина Адамдар алғаш б.з.д. 9000 жыл бұрын қоныстана бастаған. Иерихон - әлемдегі ең көне қала. Бірнеше империялар мен патшалықтардың құрылып, жойылуына қарамастан бұл қалада әлі күнге дейін адамдар өмір сүріп келеді. Көне замандарда Иерихон сауда мен жер өңдеудің орталығы болған ең көркем қаланың бірі. Оны "Пальмалар қаласы" те атайды. Тіпті бұл қаланың атауы Інжілде де бірнеше мәрте аталады. Қазіргі таңда қалада небәрі 20 000 тұрғын ғана қоныстанған.
2. Дамаск, Сирия Дамаск, Сирия Б.з.д. 6300 жылдан бері адамдар өмір сүріп келеді Қаланың негізін қалаған армейлер болатын. Олар сол кездің өзінде каналдар жүйесін құрастырған, сол каналдар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. Осыдан 6300 жыл бұрын адамдар алғаш қоныстана бастаған, ал б.з.д. 2000 жылдарда үлкен қалаға айналды. Өзінің тарихында Дамаск бірнеше империяның құрамында болды. Оны бірнеше рет қиратып, қайта салған болатын. Бүгінде қала Сириядағы екінші үлкен қала болып табылады және 1,75 миллион тұрғыны бар.
Библос немесе Библ, Ливан Б.з.д. 5000 жыл бұрын адамдар қоныстана бастаған. Көне замандардағы ең ірі сауда орталықтардың бірі болған. Осы қала арқылы шарап, зәйтүн майы, көбіне папирустар тасымалданған. Осы қаланың атынан еуропалық тілдерге "библио" сөзі енген. Библдің бүгінгі күнде 30 000 тұрғыны бар.
"The Qazaq Times"