Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2018 жылдан бастап электронды виза рәсімделеді

Қазақстанда 2018 жылдан бастап электронды виза рәсімделеді

Бұл үшін БАӘ мен Эстония елдерінің озық тәжірибелері зерттелді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді электронды виза берілетін елдердің тізімі анықталғанын айтты.
“Цирфландырылған Қазақстан” бағдарламасы аясында бұл мәселе толығымен қарастырылды. Біріккен Араб Әмірліктерін ескере отырып, барлық озық тәжірибелерді зерттедік. Жақында премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған үлкен делегация Эстонияға сапар шекті. Сол кезде осы мәселені қарастырған болатын” – деді ол Қазақстан Республикасындағы көші-қонды бақылауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша өткен үкіметтік сағатта.
Оның айтуынша, Қазақстанда осы жылдан бастап электронды виза берілетін болады.
“Электронды виза алу үшін пилоттық жобаларды енгізуді жоспарлап, елдердің тізімін анықтап қойдық. “Бүркіт” деректер базасының жүйесін жетілдіру керек. “Бүркіт” деректер базасының әкімшілігі Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті (ҰҚК). ҰҚК-нің жүйесін жетілдіру үшін республикалық бюджет комиссиясы бөлінетін соманы анықтап қойды.  Сондықтан, осы жылдан бастап электронды виза беруді бастаймыз”, – деп атап өтті бөлім бастығының орынбасары.
Дереккөз: baribar.kz
18 сәуір 2018 ж. 1 257 0