Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » кент ардагері құрмет күтеді

кент ардагері құрмет күтеді


Құрметті редакция! Газетіміздің 15 шілдедегі №53 санында жарияланған “Құрметті азамат” атағын кімдерге беру керек? деген мақаласы маған ой салды. Елдің ықыласына бөленген, көптің құрметін иеленген көптеген азаматтарға бұл атақ беріліп жатыр. Айтайын дегенім, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, осы өңірдің рухани әлеуетінің артуына, әлеуметтік жағдайының жақсаруына өзіндік үлестерін қосып келген кей ел ағалары ескерусіз де қалып жатады. Солардың бірі – халық депутаттары поселкелік кеңесінің председателі болып қызмет атқарған, кейіннен Шиелі поселкесінің әкімі болған Мұхамеджан Әлиев жайлы айтқым келеді.
Поселке кеңесінде жұмыс жасаған жылдарында 19 үй комитетін құрып, “Байсары” мен “Базар” арықтарын қайта жөндеуден өткізген. Арықтардағы судың қалыпты жағдайда болуын жіті қадағалап, поселке тұрғындарының көмегімен қолдап тазартылып отырған. Сонымен қатар, поселке көшелерін салуға және жарықтандыруға қосымша қаржының аудандық баланстан поселкелік балансқа бөлінуіне де күш салған. Бақшалық дақылдарын егіп алу үшін аудан тұрғындарына 12 сотықтан жер бөлінген. Барлық әлеуметтік мәселелер көше комитеттерімен, тұр­ғылықты халықпен бірлесіп шешіліп отыратын.
Кейінгі жылдары М.Әлиев “Шиелі” өндірістік-коммерциялық филиалында директор, Н.Бекежанов ПК-ның басшысы, Шиелі стансасындағы жанармай қоймасында басшылық қызмет жасап, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен бар білгенін кейінгі ұрпаққа үйретуден жалыққан емес. Қазір ол кісінің жасы 71-де. Ол кісі құрметке лайық деп ойлаймын. Осы хатым арқылы комиссия құрамына М.Әлиевті “Құрметті азаматтар” қатарына қосуды сұраймыз.

Р.МАУЯЕВ, Б.МЕДЕТБЕКОВ, М.ЖАНТӨРЕЕВ, В.КИЯЕВА, В.БЕЛАШКИНА.
27 қараша 2017 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930