Қазақтың дауылпаз ақынына 110 жыл
Қасымның тойы – қазақтың тойы десек артық айтқандық емес. Өлмес өлеңдерімен халықтың жүрек төрінен мәңгілік орын алған Қасым дегенде алаштың асқақ рухы көз алдыңызға келеді. Биыл шайырдың туғанына 110 жыл толуына орай тұлғаның өмірі мен шығармашылығы тұрғысында түрлі шара ұйымдастырЫЛуда. Жуырда 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ботабай ауылдық мәдениет үйінде «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» атты кеш өтті.
Кешке ауылдың бас маманы З.Базарбаев, аудандық орталық кітапхананың әдіскері Э.Бектұрғанова, БАҚ өкілдері, «Нартай» өнер мектебінің ұстазы Сәбит Абжаппаров және ауыл ақсақалдары мен жыр сүйер оқырмандар қатысты.
Кешке ауылдың бас маманы З.Базарбаев, аудандық орталық кітапхананың әдіскері Э.Бектұрғанова, БАҚ өкілдері, «Нартай» өнер мектебінің ұстазы Сәбит Абжаппаров және ауыл ақсақалдары мен жыр сүйер оқырмандар қатысты.
Әуелі кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жиылған жұртшылыққа кеңінен насихатталды. Бұл өмірде артында жақсы ісі, өрелі өнегесі, сүбелі сөзі қалса, онда олар туралы «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты қағида еш уақытта мәнін жоғалтпайды. Міне, осындай қасиетке ие, ұлтымыздың бір туар ұлағатты ұлы, қазақ поэзиясының өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, аузын ашса ақ жалын ақтарылып, әр сөзінің жалыны бет шарпып тұратын ақын Қасым Аманжолов болатын. Заман жаңарып, ғасыр өзгерсе де өлеңдерінің құндылығы артып, тақырыбы мен мағынасы замана дауысымен үндесіп, асқақтап келеді. Ақынның кешінде Батырхан Маханов, Өмірсерік Бектұрғанов, Мәди Әшірбаевтар әуезді үнімен сахананы шаттыққа бөлеп, жиналған жұртшылықты әнімен тербеді. Ал, оқушылар өлең жырларын жатқа оқыды. Сондай-ақ, кешті ауыл өнерпаздары әдемі әнмен әрледі.
Осылайша, ақынға арналған салтанатты шара соңында кітапханашы Перуза Сейтова белсенді атсалысқан оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, ауыл әкімінің алғыс хатын табыс етті.
Ш.Тілеубаев