Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ұлт ұстазына арналған кеш

Ұлт ұстазына арналған кеш

Биыл қазақтың лингвист-ғалымы, қоғам қайраткері, Алашорда көсемдерінің бірі – Ахмет Байтұрсыновтың туған­ына 145 жыл. Атаулы күнге орай ау­дан­дық орталық кітапхана қызметкері А.Жолдасбекқызының ұйым­дастыруымен«Ұлтымыздың  ұлы  ұстазы»­ тақырыбында әдеби кеш өтті.
Мақсаты – ұлттық рухымыздың ұлы тіні, ұлағатты ұлт ұстазы, тәуелсіздік жолында күрескен ірі қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының шығармаларын кеңінен насихаттау. Киелі тәуелсіздіктің қадір-қасиетін бағалай білуге, жастарды отансүйгіштіккке тәрбиелеу, дүние танымын кеңейту болды.
Шара барысында №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебініңкітапхана меңгерушісі Роза Тоқсанбаева мен тәлімгер Балжан Мырзахметованың оқушыларының шараға жақсыдайындықпен келгендігін аңғару қиын болмады.
Ал, «Өнер» үйірмесінің жетекшісі Ақайша Жолдасбекқызының жетекшілігімен нақ осы тақырыптағы  №219 мектеп оқушыларынан құралған шәкірттері сомдаған сахналық қойылым көптің көңілінен шықты. Өздеріне берілген рөлдерін шынайы сомдап, тарихи кезеңдерді бейнеледі. Өз кезегінде А.Мырзалы ұлт ұстазының өмірбаянымен таныстырса, 8, 9, 10-шы сынып оқушылары «Қырық  мысал», «Маса», «Жоқтау», «Әдебиет танытқыш» еңбектерін оқу арқылы Ахмет Байтұрсынұлының қаймықпас өр рухын паш етті. Шара соңында аудандық орталық  кітапхананың әдіскері Ұлжан Нұрмағанбет бұл күнді Алаштың біртуар ұлының артында  қалған мол мұрасымен сусындауға арнап, тағы бір рухани демалыс сыйлағандары үшін алғысын жеткізіп, шараға қатысушыларды марапаттады. 
Әбіл АСАН.
27 қазан 2018 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (8707)

23 шілде 2019 ж.

№55 (8706)

19 шілде 2019 ж.

№54 (8705)

16 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам