Қазақ журналистикасының қайраткері
Халықтың талғамын басшылыққа алып, өміршең рухани дүниелерді жүрегімен жазатын қаламгерлер болады. Қазақтың арғы-бергі тарихында мұндай қайраткер қаламгерлер өте көп. Біз кейде қасымызда жүрген адамдарды бағалай бермей, үлгі-өнегені сырттан іздеп жатамыз. Осы тұрғыдан келгенде өзіміздің қарымды қаламгер, сатирик, жазушы Нұрмахан Елтайдың еңбегін ескермеу мүмкін емес. Жуырда ғана кеудесіне «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалін таққан уытты қалам иесі қандай марапатқа да лайық!
Кейде адам ызадан не айтарын білмей, кекесін, сын арқылы жеткізуі мүмкін. Бұл – шындықты сипаттауға сөз таппау деген мағына емес, керісінше, дерттің дендеген тұсын емдеудің бір тәсілі. Яғни, қалжың-қағытпа, әзіл-сықақ, зілі басым сатирада жазылған жайттың барлығы осы тектес қоғам көрінісінен алынған. Сатирик Сейіт Кенжеахметовтің «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» деген сөзі бар. Осыдан-ақ, сатираны өмір боямасындағы шынайы болмысты баяндайтын суретшінің картинасы деп те қабылдауға болады. Әр сатираның астарында ызалы мысқыл, терең әжуа жатуы әбден мүмкін. Қалай дегенмен, бұл жанрдың жүгі жеңіл емес. Дәл осындай өмір айнасын қалам қуатымен айшықтап жазып, астарын бүгіп, қоғам наразылығын тудырған мәселені мейлінше ащы мысқылға арқау етіп жүрген шиелілік сатирик, жазушы, журналист Нұрмахан Елтай ағамыз 68 жасқа толды.

Нұрмахан Елтай – аудандағы жалғыз «Жазушылар одағының мүшесі». Журналистер одағының мүшелігінде тағы бар. «Ақпарат саласының үздігі», Республикалық Б.Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың лауреаты Н.Елтай 1953 жылы 28 қыркүйекте Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз ауылында дүниеге келген. Бірнеше сатиралық және деректі кітаптардың авторы. «Жайма базар» жинағы мен «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Қияға қонған қыран», «Ауылдың айтқыштары», «Япырай, бұл қандай қызық?!», «Беті бүлк етті», «Үшінші тайм», «Беласар», «Сыпыра сыйлық», Сыр өңірінің еңбеккерлері туралы «Жаңарған өлкенің жасампаз ұрпағы», «Жәннат жер, Жайсаң жандар» атты деректі мақала, эссе жинақтарын, «Сөз семсері» атты мезгіл мәселелерінің мәнісін баяндаған сын-пікір, сараптамалық кітаптарын көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
Аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің «Көк ине», облыстық «Сыр бойы» газетінің «Түрлі-түрлі бастар бар» сатиралық беттерінің редакторы қызметін атқарған сатирик-жазушы «Сыр бойы» газеті үшін 20 жыл Жаңақорған және Шиелі аудандарының тіршілігін талмай жазды. Көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы азамат 2013 жылдан бері «Шарайна-Сейхун» аймақтық газетінің редактор-директоры. Қоғамдағы келеңсіз олқылықтарды астарлы әзілмен өрнектеген сын туындылары бар сатирик 1000-нан астам очерк пен мақаланың авторы. Қазақ: «Көңілде жатқан кіріңді, оттай ыстық сөз шаяр» деп тегін айтпаған. Нұрмахан аға сықақ әңгіме жазғанда оқиғасы да шындық, әр сөзі сатираға құрылып маңызын арттыра түседі. Сатиралық этюдтары да әралуан тақырыпты қамтып, қысқа әрі нұсқалықпен шебер жазылған. Онда табиғат, жан-жануар, түрлі экологиялық құбылыстар нақтылықпен баяндалады. Автор өмірдегі күн сайынғы кездесіп жататын шынайы шындықты мәнін майыстырып қолданады. Сондықтан болар, Нұрмахан ағаның туындыларын оқыған сайын оқи түскің келеді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ