Сатира садағы
Жаңақорған ауданында сатира саңлағы, «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ отауының сахнагері Қазбек Башаровты еске алуға арналған «Сатира садағы» атты облыстық сатириктер сайысы өтті. Шараны облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Интермедиа, сатиралық қойылымдар жазушы адамның шеберлігін, шығармашылық ізденісінің деңгейін анықтау мақсатындағы осы секілді жобаларда өнер шыңынан көрініп жүрген жерлестеріміз де қаншама. «Өнер – адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі» деп Лев Толстой айтқанындай қазіргі таңда көпшіліктің өнерге бет бұрып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Әзіл қазақтың қанында бар қасиет болғандықтан, сатира өнері бізге таңсық емес.
Сатира садағында сайыстың саңлағын анықтау да басқаша болды. Байқау шарты бойынша сахналық қойылымдарын жазбаша түрде хатқалтаға салып, авторын жасырын түрде облысқа жолдаған. Облыс бойынша 7 аудан бағын сынайды. Десек те ешқандай ауданның аты аталып, түсі түстелмейді, яғни, қай жерден келгені көрсетілмейді. Ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған сайыс додасына Шиеліден айтыскер ақын, сатирик Кенжебай Жүсіп «Картоп» деген интермедиа ұсынды. Негізгі сюжеті бойынша шымшыма, қалжыңға толы, үкіметтің тегін ақшасын алу мақсатында өзін қағаз жүзінде жағдайын нашар етіп көрсетіп, оңай олжалы болуды қалаған ананың оқиғасы суреттеледі.
Осылайша сын садағын сәтті пайдаланған қаламгердің жазған дүниесі әккі сарапшылардың көзіне түсіп, көңілдерінен шығады. Қысқасын айтқанда, жай ғана ата салған оқ нысанаға дөп тиеді. Жүлдегерлерді Жаңақорған ауданында жариялап, жеңіске жеткен сатирик өзінің туындысын көпшілікке көрсетті. Айналамызда белең алып жатқан келеңсіз әрекеттерді әзіл арқылы бейнелеу, қоғамның өсуі үшін аса қажет. Кейінгі ұрпаққа келелі өнегесін үлгі етіп, әзіл арқылы суреттеп берген сатириктің еңбегі еленіп, І орынды қанжығасына байлады. Жаңақорған ауданындағы мәдениет үйінің төрінде К.Жүсіп бастаған «Қытық әзіл-сықақ отауының» сахнагерлері өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, 7 аудан ішінде оза шауып, алдыңғы қатардан көрінуі аудан үшін зор мақтаныш. Жеңіспен оралған «Қытық әзіл-сықақ отауының» сахнагерлерімен тілдескенімізде көздерінен қуаныш оты жарқ ете түскендей көрінді. Бұны біз алда талай жобаларда биік белестерді бағындырамыз деген ұшқын, ұмтылыс деп түйдік. Иә, ең ұлы оқиғалар адам миында жүзеге асатындықтан, сәттілік серіктеріктеріңіз болсын деген ізгі ниетімізді білдірдік.
«Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» деген белгілі сатирик Сейіт Кенжеахметовтың сөзінен сатира деген біздің өмірімізбен біте қайнасып өмір сүретінін аңғаруға болады. Ендеше, әр күнінде «құдай күлкіден айырмасын» дейтін қазақ өмірінде әңгімеге арқау болған сатиралық байқаулардың болуы заңдылық деп білеміз.
Фариза КЕНЖЕШОВА.