ҚАЛАМГЕРДІҢ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Қаламын қолынан тастамайтын, ел ісіне келгенде өз ойын ортаға салып, өзекті мәселені өмірдің біте қайнасқан тіршілігімен өрнектеп жеткізетін, әзіл-сықақтың сардары, шиелілік жалғыз Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұрмахан Елтайдың жуырда ғана су жаңа «Көкиненің көзі» атты кітабы жарыққа шықты.
Бұған дейін қаламгердің «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Үшінші тайм», «Сыпыра сыйлық» атты сатиралық кітаптары жарық көріп, оқырман жүрегінен жол тапқан еді. Жылы жүзді жазушының өткір мәселені жылы-жұмсақ, жұп-жұмыр қылып жеткізетін әзіл аралас әңгімелері үнемі нысанаға дөп тиіп, оң нәтиже көрсететіні де бар. Оның талай шығармалары, күлдіре отырып еріксіз жылататын сатиралық жазбалары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді. Киелі Шиелінің топырағында туған небір от тілді, шешен, айтқыштардың әңгімесін жинақтап, «Ауылдың айтқыштары» атты кітабын дүниеге әкелгенде оқырмандары тіптен жылы қабылдады.

Нұрмахан Елтай – тек сатирик ақын ғана емес, қаламы қарымды журналист. Жиырма жыл бойы Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы меншікті тілшісі болып абыройлы еңбек етті. Тұлғасы бөлек, ойлауы ерек әріптесіміз – бүгінгі таңда зейнеткер-журналист, «Шарайна-Сейхун» газетінің директор-редакторы, «Шиелі ауданының құрметті азаматы». Оның мазмұнды мақалалары, қаламмен сурет салғандай эссе-сырлары, қысқа да нұсқа, өмірден ойып алғандай түйдек сөздері, қаламгердің өзіне ғана тән жазу стилі кез келген оқырманды баурап алатыны рас. Қара сөзбен де сын-сықақтарды көсілтіп жаза алатыны өз алдына, көп жастарға жағалы аға екенін айтпағанда, талай-талай үлкендердің де ізетті інісі. Асылы, абзал азамат. Бұрын танымайтындардың өзі бір тілдескенде, етене сыйласып-сырласқан, араласқандардың ашылып сала берер тынысы. Ол қолына қалам ұстаған 45 жылда мыңға жуық очерк пен мақала жазған белгілі публицист.
Карантинге қарамай, шығармашылығын шыңдаудан шаршамаған қарымды қаламгер, ерекше қабілет иесі, әріптес ағамызды төл туындысының жарыққа шығумен құттықтап, сарқылмас шабыт пен толағай табыс тілейміз!
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ