Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Байланыс саласының маманы

Байланыс саласының маманы


Байланыс саласының адам өмірі үшін мәні ерекше. Бұрын айлап-апталап, екі көздері төрт болып, зарыға, хат-хабар күтіп отыратын халық қазір тіпті, шетелде жүрген баласының жайын қалта телефон, тағы да басқа заманауи құрылығылар арқылы табан астында біле алады. Осындай байланыс телефондарының үзіліссіз жұмыс жасауын қадағалайтын мамандардың еңбегі мақтауға тұрарлық. Бүгінгі мақаламызда біз байланыс саласында еңбек етіп, телефон желілерін жөндеп, абоненттерге техникалық қызмет көрсететін өз ісінің кәнігі маманына айналған Абылай Қазыбеков жайында айтпақпыз.
Қазақы ауылдың қара домалақ баласына байланыс саласының маманы атануға әу баста-ақ ешкім кеңес бермеген. Бірақ, Абылай Асылбекұлы осы саланың маманы болуға барын салған. Бұл – оның жүрек қалауы. Бір қызығы, кейіпкеріміз оқушы кезінен техникалық мамандық иелерінің жұмыссыз қалмайтынын жақсы оның осы салада жүргеніне тұп-тура 7 жыл болыпты. Ол 2012 жылы Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға түседі. Университет қабырғасында жүргенде армандаған мамандығын игеріп, 2014 жылы «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығын алып шығады. Жұмысқа орналасарда ешқандай қиындық көрмеген ол бірден 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ, ОӨТД, Қызылорда ЖЖТТ, Шиелі желілік техникалық цехіне жұмысқа қабылданады. Өзінің жұмысына тиянақты әрі ұқыпты Абылайдың қызметтік міндеті жұртшылыққа техникалық қызмет көрсету, соның ішінде істен шыққан телефон желілерін жөндеу, жалпы байланыстың жақсы болуын қамтамасыз ету кіреді. Күніне 10-ға жуық тұрғын үйге барып, жылдам хабар алғызатын телефонның ақауын ретке келтіретін жас маман 7 жылдың ішінде ешқандай оқыс оқиғаның болмағанын ауыз толтырып айта алады. Және ол осындай келеңсіздіктердің орын алмағанына шүкіршілік етеді. Оның себебі туралы:
– Өйткені біз барлық қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаймыз. Олай болмаған жағдайда, биіктіктен құлап, мертігіп қалуымыз, басқа да жарақат алуымыз бек мүмкін. Алғаш қызметке орналасқанда үш ай тәжірибеден өттім. Сол кезде алдыңғы буын өкілдері – аға-апаларымыз жұмыстың қыр-сырын жете түсіндірді. Соның нәтижесінде көп нәрсені біліп қалдым дейді жас маман Абылай.
Қуантарлығы сол, бүгінге дейін талаптандықтар мен бәйгеқұмдықтар тек ризашылығын білдіріп, алғыс айтқаны есімде қалыпты. Анау айтқандай көңілсіз оқиғалар атымен болған жоқ. Ондайдан Құдай сақтасын! – деп сыр ақтарады Абылай Асылбекұлы.
Сондай-ақ, ол Талаптан ауылы мен Бәйгеқұм ауылындағы үйлердің байланыс жүйесін үнемі қадағалап, өз ісіне тиянақты болады. Ал, енді он жылдан кейін Абылай өзін бұл саланың білгір маманы ретінде көретінін, қандай жағдай болса да қызметін айырбастамайтынын анық байқауға болады.
«Неге екені белгісіз, жастар әлі де жұмысшы мамандықтарға қырын қарайды. Бүгінгілер қалтасын қалыңдата түсетін қызмет түріне бет бұрыс жасағанды жақсы көреді. Реті келсе, заңгерлікті немесе қаржыгерлікті тәуір көреді. Бірақ, меніңше, байланыс мамандығын игергендер қазірдің өзінде көп. Сондықтан техникалық мамандықтарды таңдағандар ешқашан ұтылмайды деп есептеймін. Кезінде Елбасымыздың өзі мемлекетіміздің экономикасының өркендеуіне алдымен еңбек адамдары, яғни қарапайым жұмысшылар атсалысады деген жоқ па?» – дейді байланыс саласының маманы. Осылайша, күнделікті жұмыс барысынан айнымайтын Абылайдың әдетте телефон тұтқасынан айтатын сөзі мынау:
– Алло, бұл – Абылай Асылбекұлы. Мен сізге қандай көмек көрсете аламын? Егер телефон аппаратынан, болмаса желіден ақау табылса, алдымен үйіңізге барып, қарау керек… Сонда ғана мәселенің мән-жайын аңғаруға болады.
Иә, бұл күн-түн демей телефон қоңырауына жауап беретін жауапты маманнның жүз қайтара айтар сөзі. Осы қалпыңнан тайма қарапайым жұмысшы!

Шапағат Тілеубаев
10 қыркүйек 2021 ж. 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930