Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛ

ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛ

Қазіргі таңда қоғамға ең қажетті мамандықтың бірі – PR.
Public Relations немесе қоғаммен байланыс мамандығы – АҚШ пен Еуропа елдерінде үлкен сұранысқа ие әрі өз мектебін қалыптастырып үлгерген сала. Елімізде енді ғана елене бастаған бұл мамандықтың қажеттілігін уақыт өзі дәлелдеп отыр.
Біріншіден, Қазақстан Республика­сын­да білім беруді дамтудың 2011-2020 жыл­дар­ға арналған стратегиялық жоспарына сай қазақстанның білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу басты міндет екенін ескерсек, сенің жаңа заманға қажетті мамандықты таңдауың – өз болашағыңа салған алғашқы капиталың болмақ. Яғни, сен Public Relations (PR) ма­ма­ны бола отырып, еліміздің экономи­ка­сын арттыруға, компаниялардың қыз­ме­тін ұйымдастыруға, сауда нарығында бәсекелестікті қалыптастырып, жарнама саласында креативті идеяларыңды жүзеге асыра аласың.
Екіншіден, жаңа технологияларды қолда­на отырып, медиа саланың да дамуы­на үлес қоса аласың. Қазіргі БАҚ-тың өзі дәстүрлі медиадан жаңа медиаға қадам басты. Ал оның стратегиялық жоспарын болашақ PR маманы ретінде сен жасайтын боласың.
Үшіншіден, елімізді әлемге әйгілі ететін бренд қалыптастыру – басты міндет. Ол бренд­ті халыққа танытатын – PR маманы. Бүгінде аса танымал брэндинг, маркетинг, фрилансер, копирайтинг қызметтері осы саламен тығыз байланысты.
Төртіншіден, PR маманы кез келген салада қажет. Сауда мен экономикадан бөлек, денсаулық сақтау, білім беру, фирма­лар мен компаниялар қызметінде, сервис орталықтарында, онлайн қызметтер, сайт жұмыстары, журналистика мен медиа, тіпті саясатта да – PR маманы сұранысқа ие. Сондықтан жұмыс орны әрдайым табылады.
Бесіншіден, табысты қызмет түрінің бірі. Ең табысы жоғары мамандықтарының қатарына енген қоғаммен байланыс саласындағы мамандардың жалақысы 750 мың теңгеден басталады. Ал енді ғана жұмысын бастаған PR маманының өзі 200 мың теңгеден бастап жалақы алады.
Қоғаммен байланыс саласының қыр-сырын үйреніп, білікті маман болғың келсе, ең алдымен жоғарғы оқу орындарын­дағы «Қоғаммен байланыс» факультетінде білім алуың қажет. Бүгінде еліміздегі бір­қатар оқу орындарында осы саланың мамандарын дайындайтын факультеттер бар. Білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің ЮНЕСКО. Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы PR мамандарын, халықаралық журналистерді, шетел хабарларының редакторлары, БАҚ менеджерлері, экономист-журналистер мен продюссерлерді, жарнама агенттерін дайындайды. Кафедра мақсаты – кәсіби мамандарды елміздегі және шетел медиа нарығына, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік және бизнес құрылымдарға қазіргі заманғы технологияларды меңгеріп, құзыреттер мен тәжірибелік дағдыларды игерген, бәсекеге қабілетті, бүгінгі еңбек нарығында сұра­ныс­қа ие мамандар дайындау. Халықаралық тәжірбиеге сай атақты профессорлар мен оқытушылардан сапалы білім алған факультет түлектері бүгінде елімізде және алыс-жақын шет елдерде әр салада табысты қызмет етуде.
Балжан ХАЛЫҚ
01 мамыр 2018 ж. 1 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031