Жақыныңа жанашыр бол
Пандемияның салдары мен 2020-2021 жылдардың қаншалықты күрделі болғаны жайлы талай жазылды, жазыла да береді. Өйткені бір жарым жылдан бері созылған дағдарыстың салқыны тимеген сала жоқ. Оны толық зерттеу мен саралау болашақтың еншісінде. Әйтсе де ішкі саясат, білім, сауда-саттық, әсіресе денсаулық саласына тигізген әсері зор.
Негізінде шектеу шараларымен бірге профилактика және ағарту жұмыстары қатар жүргізілгенін де айта кету керек. Ауданда коронавирус инфекциясымен күрес бағытында арнайы мобилді топтар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту, рейдтік бақылауымен қоса жадынамалар таратты. Жадынамалар коронавирус инфекциясының алдын алу және одан қорғану шараларына арналған. Олардың ең бастылары айналадағы адамдармен ара қашықты сақтау, қолды жиі сабынмен жуу, бетперде тағу, салауатты өмір салтын ұстану болып табылады. Алайда, бұл жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Сондықтан ең тиімді жол екпені ектіру арқылы иммунитетті қалыптастыру керек.
Індеттің аяқ астынан пайда болып, залалын тигізуіне байланысты қоғам абдырап қалды. Оның ішінде дәрігерлер де бар. Себебі, індеттің нақты емі анықталмай, қиындық тудырды. Қазіргі таңда, бұл індеттің оңтайлы шешімі екпе шығарылып, жұмыс жасауға қабілетті жұрт қайта тіршілігіне оралды. Әйтсе де, коронавирус мутацияға ұшырап, үнді елінен шыққан «дельта штам» қайтадан эпидемияны күрделендірді.
Қазіргі таңда, ауданда инфекциялық бөлімде 100-ден астам науқас ем алып жатса, 8 адам реанимациялық бөлімде жатыр. Одан бөлек симптомсыз белгілерімен емханаға келіп, ем алып жатқан тұрғындар қаншама?! Осыны ескеріп, аудандық емханадағы инфекциялық бөлімнің басшысы Айжан Ізтілеуовамен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Айжан Ержанқызы, қазіргі таңда, күніне қанша науқас коронавирус жұқпасымен келеді? Соған қарап ауданның ахуалын қалай бағамдайсыз?
– Қазір өңірімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес, қауіп төніп тұр. Әлі босаңсуға болмайды. Күніне 20-30 науқас фильтрге қаралып, жағдайларына қарай стационарлық емге жолданады. Былтыр наурыз айында кіріп, ауруханадан тамызда шықтық. Үй, бала-шаға көрместен қызмет еттік. Айлап үйге келмедік. Биыл да дәрігерлер, тиісті мамандар, мейіргерлер вахталық әдіспен жұмыс жасауда. Барлығы осы вирустың тезірек таралу жылдамығын тоқтату үшін, жұқпауы үшін жасалып жатыр. Сондықтан халық соны түсініп, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау керек.

– Көбіне қай жас шамасындағы науқастар келуде?
– Қазір әртүрлі жастағы науқастар фильтрге жолдануда. Оның ішінде ата-әжелеріміз де, 1 жастағы балалар да бар. Коронавирусқа «дельта штам» қосылып, таралу деңгейі жоғары болып отыр.

– Иә, осының бәрі той-томалақтың, басқосулардың тыйылмауынан, иммундық жүйенің толық қалыптаспауынан болып отыр. 18 бен 65 жас аралығындағы адамдардың жұмысқа қабілетті болуынан вакцина алды. Ал, енді қариялардың вакцина алуы денсаулықтарына кері әсерін тигізбейді ме?
– Жалпы, қарттар да вакцина алса болады. Жұқтырып, ауырғанша екпе салдырып алғаны жөн. Себебі, байланыс жасайды, түрлі адамдармен контактіде болады. Олардың иммунитеті әлсіз, тез жұқтыруы мүмкін, сондай-ақ, иммунитет әлсіз болғандықтан вирусқа қарсы тұруға қауқарсыз. Сондықтан болар, қазір үлкен кісілердің аурып жатқаны. Негізінде ауданда екпе ектірген қарттар көп. Олардың жастары 70-тен асып кеткен. Әрине, екпе ектіру ерікті түрде, қазіргі жағдайға байланысты қарттардың денсаулықтарына алаңдаушылық білдіріп, екпе алғаны өзі үшін де, өзге үшінде пайдалы болмақ.

– Қарттардың жұқтыру қауіпі жоғары деп жатырсыз, олар үй жағдайында қалай сақтанса болады?
– Бірінші кезекте жұмыс жасайтын адам үйге келмей тұрып, яғни жұмыста не сыртта жүргенде маскамен, антисептикпен жүру керек. Үйге келгенде балалардың, үлкен кісілердің жанына бірден бармай реті келсе жуынып алғаны абзал. Пайдаланылған 1 реттік масканы үйге кірмей тұрып тастау керек. Ал қолдан тігілген болса жуып, стерильдеген дұрыс. Сондай-ақ, бөлмелерді жиі желдетіп, сүртіп алу да маңызды.

Ал, клиникалық белгілері білінсе бірден дәрігерге көрінуі керек. Қазіргі таңда, медицина дамыған, түрлі тексеру амалдары бар.
– Қазір ауырғандардың 99 проценті вакцина алмағандар, 1 проценті вакцина алғандар дегенді естіп жүрміз. Енді екпе алған мен алмаған науқастардағы ауру белгілері қандай, айырмашылықтары бар ма? Мутацияға ұшыраған вирустың ең ауыр белгісі қандай?
– Екпе алмағандықтан қазір вирусты жұқтырушы да, таратушы да көп болып тұр. Екпе алмаған науқаста вирустың ауыр белгілері білінеді. Ал екпе алған науқаста өте жеңіл өтеді.

Екпе алсаңыз мүлде ауырмайсыз деген сөз жоқ. Бұл сіздің иммунитетіңізге байланысты. Ал екпе салдырсаңыз, денеңізде антидене қалыптасып қарсы тұра аласыз. Яғни, екпе алу маңызды.
Мутацияға ұшыраған түрі үнділік «дельта штам» деп жатырмыз. Коронавирус та, дельта штамның да белгілері білінген жағдайда тезірек емдеу керек. Асқындырып алсаңыз өкпені құртасыз, бұл екі жақты пневмонияға алып келеді.
– Коронавирустан бөлек ауданда жиі кездесетін ауру түрлері қандай?
– Бізде вирусты гепатит, оның асқынулары, диарея, бруциллез және кенеден келетін кесел көп кездеседі. Бұл қырым қанды безгегі деп аталады. Әсіресе, осы маусымдық науқан көктем мен жаз айларында науқастар көбейеді.

– Жағарыда ауруханада жұмыс жасап, науқастардың бел ортасында жүргеніңізді айттыңыз. Емханада да міндетіңізді атқарудасыз. Сізбен сұхбаттасу үшін алдымдағы ұзын-сонар кезекті көріп нағыз өз ісінің маманы деп қабылдадым. Жалпы, бұл салада жүргеніңізге қанша жыл болды?
– Еңбек өтілім 14 жыл. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік академиясына емдеу ісі бөліміне оқуға түсіп, 2007 жылы терапевт мамандығын иеленіп шықтым. Сол жылы Шиелі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде дәрігер-ординатор болып жұмысымды бастадым. 2013 жылдан бастап емхананың жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігерімін. Бөлімде 3 аяжан бар. Атап айтсам, Ләззат Алпысбаева бөлімнің тұрақты аяжаны, қазіргі таңда, ауруханада мейіргер болып қызмет етуде. Одан бөлек Динара Абсадықова және жақында бағдарламамен Динара Ақылбекова деген мейірбике қосылды.

– Осындай қарбаласқа қарамастан уақыт бөлгеніңізге алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз еленіп, табыстарыңыз артып, берекелі ұжым атана беріңіздер. Бастысы эпид ахуал тұрақталып, баяғы күнімізге оралайық.
– Сіздерге де рақмет! Жақынымызға жанашыр болайық, денсаулыққа жауапкершілікпен қарайық.

Сұхбаттасқан
Ақбота Баянбай
Ақбота Баянбай