Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САУЛЫҚ САҚТЫҚТА!

САУЛЫҚ САҚТЫҚТА!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!!!
Өздеріңізге белгілі, әлемде коронавирус инфекциясының таралуы әлі де жалғасуда. Оған дәлел Қызылорда облысында 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған бір тәулікте 11 адам жұқпалы індетті жұқтырған. Сондай-ақ Шиелі ауданында да, өкінішке орай коронавирус инфекциясымен тіркелген 1 науқас анықталып отыр. Тіркеуге алынған науқас бақылауға алынды, тиісті емдеу жұмыстары жүргізіліп, науқаспен байланыста болғандар анықталуда. Осыған орай, ауданымызда сақтық шараларына қатаң көңіл бөлу қажет.

Өзіңізді және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін медициналық бетперде тағып, жеке гигиеналық-санитарлық талаптарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!

Әсіресе, адамдардың көп жиналатын орындарында, қоғамдық көліктерде, дүкенде, көшеде арақашықтық сақтап, түрлі отбасылық шараларға бармай, тоқтатып, жақындарымызға жанашыр болайық!

Өзіміздің отбасымыздың, бауырларымыздың амандығы үшін барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, сақтық шараларды өзімізден бастайық!

Құрметті аудан тұрғындары, денсаулықтарыңызды күтіп, сақ болыңыздар!
15 қаңтар 2021 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031