Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еріктілер де өз үлесін қосуда

Еріктілер де өз үлесін қосуда

Қытайдың жабайы базарынан тұтанған COVID- 2019 вирусының алдын алуға байланысты сақтық шаралары күшейтілді. Наурыз айының 16-сы күні аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Шиелі ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыруымен аудандық «Birgemiz»,«Saylyq» жалпыұлттық жобасы аясында құрылған еріктілер тобының мүшелері көпшілік арасында індетке қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Еріктілер коронавирустың таралуына байланысты түсіндірме жұмыстарын халық көп шоғырланатын «Орталық сапаржайдан» бастады. Көлік жүргізушілері мен жолаушыларға арнайы брошюралар таратты. Сонымен қатар хабарламалар тақтайшасына дерттен сақтану жолдары насихатталған бюллетендер ілінді. Аудан еріктілері белсенділік танытқан шара Ә.Шорабаев атындағы жеке базарда, «Бота» және «Береке» сауда орталықтарында жалғасын тапты. Аталған сауда үйлерінің ақпараттық тақтасына жадынамалар жапсырылып, тұрғындармен жеке-жеке тілдесіп, оларды мүмкіндігінше үйде болуға шақырды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың аяғында Қытайдан шығып, Covid-2019 коронавирус инфекциясы атымен танылған бұл індет бүгінгі таңда әлемнің жүзден астам еліне тарап, бес мыңдай адамның түбіне жетіп те үлгерді. Сондықтан қарапайым қағида ретінде әрбір адам өзінің және бүкіл отбасы мүшелерінің күнделікті тұрмыста жеке гигиеналық тазалығын сақтап, қолды қайта-қайта сабындап жуып, дезинфекция құралдарымен сүртіп залалсыздандырып, көпшілік жиналатын жерге барудан тыйылып, кәдімгі тұмаудан сақтанғаны сияқты ауыз-мұрын қуысын инфекция кіруден қорғайтын бетперде киіп жүргені жөн.

С.БАҚТИЯРҚЫЗЫ
21 наурыз 2020 ж. 557 0