Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімге әркімнің-ақ бар таласы

Білімге әркімнің-ақ бар таласы

Бұрнағы күні Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің ЗК 169/4 мекеме филиалында жаза мерзімі өтеушілер арасында соңғы қоңырау соғылды. Аталған шара барысында мектеп бітірушілерге негізгі орта білімі туралы атестат берілді.
Кез келген адам білім алуға құқылы. Ең бастысы, талап, мақсат, ынта болса болғаны. Осыны ескерген ЗК 169/4 мекесі САӘПТЖББ-нің жасақ бастығы әділет капитаны Бауыржан Саметов «Өмірде қате басып, жаңылмайтын жан жоқ. Дегенмен қылмыстың аты қылмыс. Алайда өз қателігін түсініп, жарқын болашаққа ұмтылған жаза мерзімін өтеушілер уақытылы білім алуға ынталы. Сіздерді мектеп бітіру сәтімен құттықтаймын» – деп шара барысында жылы лебізін білдірді. Одан әрі ЗК 169/4 мекеме филиалының оқу ісі меңгерушісі Әлия айтелиева сөз кезегін алды. Жаза мерзімін өтеушілер де өз кезегінде алғысын білдірсе, мектеп мұғалімі Ж.Тұрманов мектеп бітірушілерге сәттілік тіледі.

Гүлнәр ӘБДІХАНИ
23 маусым 2020 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031