Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аттестат алды

Аттестат алды

Бір айға жақын уақыт бұрын еліміз бойынша «Соңғы қоңырау» соғылып, салтанатты кештер барлық мектептерде көрініс тапқан болатын. Өз қатарластарыңмен мектеп қабырғасынан қанат қағудың өзі бір ғанибет екен түсінген жанға. Ел азаматтары орта білімді міндетті түрде алуы тиіс. Алайда, бұл бақыт барлық бітірушілердің дерлік маңдайына жазылмапты. Бұлай деуімізге ЗК-169/4 мекемесінде өткен шара дәлел болмақ. Тағдырдың жазуымен қате басқан қадамдары бұл жандарды осындай жабық қабырғада аттестат алуға алып келді.
Әңгімеге ойыссақ, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Тартоғай елді мекеніндегі ЗК-169/4 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен мекемеде жазасын өтеушілерге аттестат тапсырылды. Бітірушілер кеші ЗК-169/4 мекемесі әкімшілігі мен кешкі мектеп ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Мектеп жасында өз кезегінде орта білімін аяқтай алмай, темір торға тоғытылған жандар осы түзету мекемесінде білім алды. Мұнда жоғары деңгейлі 11 оқытушы мемлекеттік стандартқа сәйкес білім береді.
Шарада кешкі мектеп директорының орынбасарлары, мекеме қызметкерлері болды. Ағымдағы жылы мекемедегі кешкі мектепті 9-11 сынып бойынша 4  сотталғандар бітіріп, оларға тиісті үлгідегі аттестаттар берілді. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Қанат ДАЙРАБАЕВ,
ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімінің бастығы, әділет капитаны.
17 маусым 2018 ж. 1 117 0