Атырау облысында 154 жас түлек «Алтын белгі» иегері атанды
2018 жылғы 16 маусым 13:2365 Бөлісіңіз: АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 154 жас түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 95 түлек мектепті «Үздік аттестатқа» бітірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырауда «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» V облыстық форумы өткізілді. Аталмыш облыстық форумды ұйымдастырудағы мақсат - «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері, республикалық және халықаралық пәндер олимпиадаларының, ғылыми жобалар сайыстарының жеңімпаздарына, бастауыш сынып оқушылары арасында өтілген республикалық «Зерде» білім байқауының жүлдегерлерінің болашақ қадамдарына ақ жол тілеу. Шараға қаладағы жəне облыстық жалпы білім беретін мектептерден 2500 түлек қатысты. Атырау облыстық білім беру басқармасының мəліметінше, облыс бойынша 5183 оқушы мектеп бітіріп, олардың 3935-і ҰБТ-ге қатысуға ниет білдіріп отыр. Оқу жылының қорытындысы бойынша 154 мектеп бітіруші «Алтын белгіге», 95 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Мектеп бітіруші түлектерді облыс басшысы Нұрлан Ноғаев құтықтады. Аймақ басшысы 11 жыл ұстаздар мен ата-анадан алған білімнің арқасында жаңа өмірге қадам басып, дұрыс мамандық таңдауда қолдануда өзінің сенімділігін жеткізді. «Мемлекет басшысы Қазақстан болашағын қалыптастыруда адам капиталы маңызды болып табылатынына сенімді. Жəне бұл мектептер мен басқа да оқу орындарында берілетін білім. Сондай-ақ, ата-аналардың өмір бойы баласына деген барлық қаражатын салады. Бүгін тек мектептер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Атырау облысында екінші жыл жергілікті бюджеттен студенттерді оқытуға грант бөлінетін болады. Біз Қазақстанның жаңа буынына сапалы жəне жоғары білім алулары үшін біздің тараптан барлық жағдай жасап жатырмыз»,- деді Нұрлан Асқарұлы. Шара үздіктерді марапаттауға ұласып, дарынды түлектер аймақ басшысының қолынан мектеп бітіру аттестатын, сыйлықтарын алды. Форум соңында мектеп түлектері облыс әкімімен естелік фотосуретке түсті. Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік от шашумен аяқталды.