СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ
Тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, ауданымыздың барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Кейбір оқушылар үшін бұл кезекті жазғы демалыстың басталуын білдірсе, ал түлектер үшін мектеп қабырғасында соғылған соңғы қоңыраудың сыңғыры, балалық бал дәуренмен қоштасар сәт.
25 мамыр күні №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінде соңғы қоңырау, жас түлектердің мектеппен қоштасу салтанаты болып өтті. Аталған шараға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысып, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктерге жеткен бірқатар оқушылар мен мұғалімдер де мақтау граммоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.