Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шиелі аудандық сотының төрағасы М.О.Күздеубаев «TrueConf» мобильді байланыс жүйесімен онлайн режимде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы отырысының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша Түсіндірмесінің мәнін насихаттауға байланысты семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске онлайн режимде аудандық сот төрағасы М.О.Күздеубаев, Шиелі аудандық прокуроры прокуроры Е.Байділда, полиция бөлімінің өкілі Б.Базарбаев, адвокаттар М.Тұрсанова пен Қ.Жүсіпов қатысты.
Сот төрағасы өз баяндамасында Жоғарғы Соттың Түсіндірмесінің мазмұнын баяндап, ондағы азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларды қолдану жөніндегі сұрақтар бойынша түсіндірмелерге назар аудартып, ТЖ режимінің енгізілуі еңсерілмейтін күш мән-жайы болып табылатынын, ТЖ-ды еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде анықтау үшін сотқа бөлек талаппен жүгінудің қажеті жоқ екендігін, өйткені ТЖ дәлелдеуді қажет етпейтін, жалпыға белгілі факт болып табылатыны туралы айтып өтті. ТЖ режимі талап қою мерзімінің өтуіне тоқтау салатынын да  тілге тиек етті.
ТЖ режимі шеңберінде шаралар мен шектеулерден туындаған міндеттемелерді орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеп соқпайтынын, Тж салдарынан міндеттемелерді орындамауға байланысты дауларды шешу кезінде соттар адалдық, парасаттылық және әділдік қағидатын басшылыққа алуға тиіс екенін атап өтті, Сондай-ақ форс-мажор тараптардың міндеттемелерін ұзартуға әкеп соғатынын, бұл ретте тарап 30 күн бұрын хабарлай отырып, сотқа дейінгі тәртіпті орындай отырып, шарттан бас тарта алатынын, төтенше жағдай режиімі талап қою мерзімінің ескіруі ағымын тоқтата тұруға әкеп соғатынына, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты процестік мерзімдер қалпына келтірілуі мүмкіндігіне тоқталды.
Шара соңында қатысушылар тәжірибеде туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасып, қатысушылар талқыланған түсіндірмелердің тиімділігін, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты экономиканы қолдауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда келісімдікті, тұрақтылықты сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
20 мамыр 2020 ж. 853 0