Жасөспірімдер арасында қылмыстылықты болдырмау және алдын алу мақсатында
Шиелі индустриалды-аграрлық колледж білім алушылары жасөспірімдер арасында қылмыстылықты болдырмау және алдын алу мақсатында колледж директоры М.Дүйсеновпен бірге Шиелі аудандық Сотының ғимаратымен танысып, сот төрағасы М.Күздеубаевпен жүздесті. Кездесу барысында сот төрағасы М.Күздеубаев пен заң кеңесшісі М.Тұрсанова сот процесінің өтілуі, қылмыстық жауапкершілік пен оны өтеу, айыппұлдың төленуі жайлы түсіндіріп өтті.
Сот төрағасы М.Күздеубаев: "Сот беделі- мемлекет беделі. Бұл қағида әрбір сот қызметкерінің қаперінде болуға тиіс. Өйткені, адам тағдырына үкім айту үшін, оны орындаушы жан-жақты сауатты әрі үлгілі болуы тиіс",-деп атап өтті. Кездесу барысында білім алушылар сот ғимаратынан ашылған мұражаймен танысып, осы өлкеге қатысты біркатар деректермен, оның ішінде сот билігіне белсене араласқан азаматтар жөнінде де көптеген құнды материалдардармен танысты.
Аудандық полиция бөлімінде өз жалғасын тапқан кездесуде бөлім басшысы Ілияс Дәулет Бахарамұлы қылмыскерлерді уақытша ұстау бөлімшесімен және полиция қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті. Білім алушылар түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауаптарын алды.