Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыздар арасында жиналыс өтті

Қыздар арасында жиналыс өтті

Өткен бейсенбіде Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде қыздар жиналысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – әйелдер арасындағы зорлықтың алдын-алу және бойжеткендердің санасына сауатты ақпарат жеткізу.
Шара барысында колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Дайрақұлов ұялы телефонның зияны туралы айтты. Ал аудандық полиция бөлімі ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры А.Мадиев қыздар арасындағы қылмыс туралы баяндады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Ф.Досболова және аудандық емхананың акушер-гинеколог маманы А.Нұржауова қыз-келіншектер өмірінде кездесетін зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары жөнінде айтты. Сондай-ақ қыздарға дәрігерлік кеңес айтылды.
«Өскен өңір» ақпарат


29 қыркүйек 2019 ж. 1 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30