Агро колледждегі ата-аналар жиыны
Жуырда Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында 2018-2019 оқу жылының ІІ жарты жылдық қорытындысы, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөнінде және төтенше жағдайдың оның ішінде жазғы суға түсу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты бойынша мәселелер талқыланды.
Жиналысқа Шиелі АІІБ-нің полиция майоры, азаматтық қорғау лейтенанты Абай Тешебайұлы, Шиелі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қадыржан Мейрамбекұлы, бөлім инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жалғасбек Нысанбекұлы, сонымен қатар аудандық емхана психологтары, колледжішілік ата-аналар комитетінің мүшелері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар колледж тарапынан ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар, дөңгелек үстелдер, спорт саласы, үйірме жұмыстарына белсене араласып, жетістікке жетіп жүрген білім алушыларды атап көрсетіп, ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады.
Ф.Нышанбекқызы.