Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ...

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ...



Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлескен «Жолда қабылдау» Республикалық акциясы аясында Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінің «Н.Бекежанов» ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. 
Шараға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филалының консультанты Е.Мұхтаров, Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметкерінің полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты С. Мыңбаев, Керделі ауылдық округінің әкімі Ф.Ержан «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы А.Рысбаева және ауыл тұрғындары қатысты.
Шара барысында тұрғындар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тұщымды
жауаптарын алды. Сауалнамалар жүргізілді. Сонымен қатар автокөлік жүргізушілермен жол қауіпсіздігі саласында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты:
- Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету;
- Азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру;
- Құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ, әкімшілік полицияның қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру;
- Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізу.Жалпы акция барысына 41 адам қатысты.
20 мамыр 2018 ж. 1 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930