Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқушыларына өткізілген ашық есік

Мектеп оқушыларына өткізілген ашық есік


Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Шиелі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері бірлесе отырып, 2018 жылғы 9 маусымда №9 өрт сөндіру бөлімінің аумағында №46 А.С.Пушкин атындағы мектептің 5, 6, 7 сыныптардың 35 оқушысының қатысуымен ашық есік күні өткізілді. Ашық есік өткізу барысында №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқушыларға «Өрт қауіпсіздігі айлығында» атқарылатын жұмыстар мен төтенше жағдайлар қызметі туралы және өрт сөндіру техникасымен өрт сөндірушілердің арнайы жабдықталуы туралы, сондай-ақ, өрт сөндірушілердің жұмыс жоспары толық түсіндірілді. Экскурсияның мақсаты – оқушыларды бала кезден бастап өрттің қауіпсіздігін үйрету. Сонымен қатар, осы күні «Сыр ұланы» лагерінде демалушы балалар мен жауапты қызметкерлер арасында «Жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік» бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шаралардың қорытындысында ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу туралы нұсқаулықтар таратылып, институтты бітіргеннен кейін өзінің болашағын төтенше жағдайлар қызметін байланыстырып және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қатарын толықтыратындығы жайында айтылды.
Самат Шаймерденов,
аудандық №9 өрт сөндіру бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі.
24 маусым 2018 ж. 2 519 0