Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілсіз жаудан қауіп төнбесін

Тілсіз жаудан қауіп төнбесін



2018 жылғы 12 маусымда «Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында» суға шомылу маусымының қауіпсіз өтуі мәселесі бойынша брифинг өтті. 
Брифингте Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мампаев Жандос Айдарбекұлы сұхбат берді. 
2018 жылғы жазғы суға түсу маусымында қауіпсіздікті сақтау, адам қазасына жол бермеу мақсатында Шиелі кенті, Шымкент-Самара тас жолы бойына 1 билборд ілініп, елді-мекендердегі суға түсуге қауіпті жерлеріне 36 дана ескерту тақтайшалары орнатылған. 
2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес арнайы дайындалған «Судағы қауіпсіздікті сақтау баршамыздың борышымыз», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында 395 дана үн парақтар таратылып, 684 адамға ескертулер жасалған. 
Мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде «Сыр ұланы» тынығу лагерінде «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыпта сабақтар, үгіт-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің жанындағы лагерь тынығушыларына ашық есік күні ұйымдастырылып, 6 мұғалім қатысып, 35 оқушы қамтылған.
Судағы төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған, өткізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, адамдардың қайтыс болу жағдайлары: 2015 жылы – 6 адам, соның ішінде балалар саны – 3; 2016 жылы – 5 адам, соның ішінде балалар саны – 2. 2017 жылы 2 адам қаза болған.Осылайша, ауданда 3 жыл ішінде 13 адам суға кеткен, олардың 5-і балалар. 
Қазіргі кезде адам қазасының болуына жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, аудан көлеміндегі су айдындарында, жаппай демалыс орындарында рейд ұйымдастырылуда. 
Жергілікті баспа басылымдарында үгіт-насихат бағытындағы мақалалар жарияланып, адам көп шоғырланатын жерлерде үн парақтар ілініп, М.Шоқай атындағы орталық алаңда «ЛЕД» экран арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық филиалында орналасқан теледидар арқылы «Судағы қауіпсіздік» шараларын насихаттайтын бейне роликтер көрсетілгендігін баяндады.

14 маусым 2018 ж. 1 639 0