Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЫНТЫМАҒЫ ЫРЫСЫНА АЙНАЛҒАН ЕЛМІЗ

ЫНТЫМАҒЫ ЫРЫСЫНА АЙНАЛҒАН ЕЛМІЗ

Біз – бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдері татулығы жарасқан қазақ елінде өмір сүріп жатқанымыз жүрекке сенім, көңілге қуаныш ұялатады. «Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» қаншама ұлттың ұйытқысына айналған ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болған тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызға мақтанамыз.
Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін. Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!
Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!

Зинаида Цой,
кәріс ұлтының өкілі
01 мамыр 2020 ж. 581 0