Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотталғандардың әлеуметтік жағдайы ескерілді

Сотталғандардың әлеуметтік жағдайы ескерілді

Бейсенбі күні Шиелі аудандық полиция бөлімінде Қызылорда облысы прокурорының орынбасары М.Катаев пробациялық бақылаудағы сотталғандармен кездесті.

Аудандағы айыптылардың жай-күйін білмекке келген Қызылорда облысы прокурорының орынбасары М.Катаев бірнеше заңдарға өзгерту енгізілгенін айтты. Арнайы сол заңдарға тоқталып, жалпақ тілмен өзгертулерді толық түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, сапалы медициналық-санитарлық көмек көрсету, сотталғандардың тамақтануы және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру мәселелерін қарады. Өйткені сотталғандарды жұмысқа орналастыру ең өзекті мәселе. Кездесу барысында облыстық прокурордың орынбасары бақылаудағы сотталғандардың әлеуметтік жағдайына ерекше тоқталып, құзырлы органдарға бағыт-бағдар берді.

Г.ӘБДІХАНИ


15 ақпан 2020 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031