Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құндылықтар жолдаумен бірге жаңғырады

Құндылықтар жолдаумен бірге жаңғырады

Бейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұрғындармен еркін форматтағы кездесу болып өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет модератор болды.
Алғашқы сөз облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қ.Шарабидиновқа берілді. Одан әрі «Ақпараттық талдау коммуналдық мекемесінің» директоры С.Сахиеев пен дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы Б.Оспанов сөз алды. Сөз барысында қонақтар елімізде болып жатқан саяси өзгерістер мен Президент Қ.Тоқаевтың жолдауын халыққа түсіндіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Исабек Байкенжеев­­ рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен шараларға бір тоқталып, аудандағы ескерткіштер туралы айтты.
Шара соңында П.Маханбет киелі Шиелі жеріне келіп, халықпен емін-еркін пікір алмас­ып­, ашық түсндірме жұмысын жүргізген қонақтарға алғысын жеткізді.

 Фариза Кенжешова
14 қыркүйек 2019 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031