Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕГІН БАСЫНДА ЕГДЕ ҚАРИЯЛАР

ЕГІН БАСЫНДА ЕГДЕ ҚАРИЯЛАР

Сенбі күні бір топ аудан ақсақалдары жиналып, биылғы жылғы қауын-қарбыздың шығымдылығын тексерді. Олардың қатарында Сейітбек Әлімбетов, Жүзен Қоңқаев, Ерназар Абдуллаев, Сағындық Нұрланов, Марат Төлебаев, Шерехан Муслимов, Бақтыбек Мұқашев, Қали Дүйсеманов, Әбдішүкір Батырбаев т.б. бар.
Айта кетейік, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы 2018 жылы ардагерлерге Бидайкөл ауылдық округіне қарасты 10 гектар жерді үлестіріп берген еді. Биылғы жылдың нәтижесі бойынша, 30-ға жуық ардагер арасынан Е.Абдуллаев пен С.Әлімбетов өнім алу бойынша көш бас­тап тұр. Егістік даласында қауын-қарбыздан бөлек қияр, қызанақ, болгар бұрышы, асқабақ т.б. көкеністер бар. Мұндағы басты мақсат – нарықтағы көкөністердің бағасын тұрақты ұстап, қыстың қамын жаз ойлау. Басқосуда ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тілеубек Бабасов осы бастаманы көтеріп, ардагерлер қауымына қолдау білдіріп жүрген Әбдішүкір Батырбаевқа алғысын айтты. Сондай-ақ ардагерлер «Бұрынғы Тұқымбақ сияқты жерлер жалғасын тапса екен» деген ұсыныс-тілек те білдірді. Яғни тұрақты саяжай болса, ол жерді көгалдандырып, егін егумен тұрақты айналысатындарын жеткізді. Басқосу ардагер ақсақалдың бата беруімен аяқталды.

«Өскен өңір» ақпарат

03 қыркүйек 2019 ж. 735 0